1 қаңтардан бастап ЖСН беру тоқтатылады: Ресейдегі ҚР елшілігі мәлімдеме жасады

ЖСН, Ресей, Қазақстан елшілігі, мәлімдеме, 1 қаңтар, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.12.2025 18:55 Сурет: gov4c.kz
Ресейдегі Қазақстан Республикасының елшілігі бүгін шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру процедурасына қатысты шұғыл хабарландыру таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ретте елшіліктің Telegram арнасында былай делінген:

"Шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру жөніндегі ағымдағы пилоттық жобаның қолданыс мерзімі 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін белгіленгенін хабарлаймыз. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР шет елдердегі мекемелері шетелдік азаматтарға ЖСН беруді тоқтатады".

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасына бармай-ақ онлайн-форматта шетел азаматтары үшін мемлекеттік қызметтер мен сервистерді алу мүмкіндігін, оның ішінде ЖСН қамтитын цифрлық ID-картаны алуды көздейтін eResidency бағдарламасын енгізгені де айтылады.

"Бағдарлама шетелдіктерге Қазақстанда ресми цифрлық мәртебе алуға мүмкіндік береді, ол еліміздің бизнес-мүмкіндіктері мен онлайн-сервистеріне қолжетімділікті ашады". РФ-дағы ҚР елшілігі

Аталған бағдарлама келесі қызметтерді алуға мүмкіндік береді:

  • Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бар цифрлық ID-картаны алу;
  • Қор нарықтарына, крипто биржаларға, Қазақстандық нөмірі бар eSIM-ге қол жеткізу;
  • Электрондық цифрлық қолтаңбаны және сақтандыру қызметтерін ресімдеу;
  • Қазақстандық карталарды пайдалана отырып, онлайн банктік шоттар ашу;
  • Барлық төлем қызметтерінің салықтық резиденттігін және эквайрингін алу мүмкіндігі.
"Жоғарыда айтылғандардың негізінде, шетел азаматтарына ЖСН алу мәселелері бойынша барлық толық ақпарат қолжетімді болатын ресми сайтына https://eresidency.gov.kz/ жүгіну ұсынылады". РФ-дағы ҚР елшілігі

Шетелге шығуға тыйымның бар-жоғын қалай тексеруге болады? Бұл сауал жауабын мына арадан оқи аласыздар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: