Қазақстанда Ұлттық ұлан күні атап өтілуде

Ұлттық ұлан, атаулы дата, 10 қаңтар, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2026 11:50 Сурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
10 қаңтар - Қазақстанда ҚР ІІМ Ұлттық ұланның құрылған күні. Бұл күні елімізде қоғамдық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті сақтауда тұрған әскери қызметшілердің кәсіби мерекесі аталып өтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі атаулы күні өткен жылдың жұмыс қорытындысын жариялады.

2025 жылы Ұлттық ұланының жауынгерлері 18 000-ға жуық құқық бұзушыны ұстады

Өткен 2025 жылы 18 мыңға жуық құқық бұзушы, оның ішінде 700-ден астамы қылмыс белгілерімен ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді.

Патрульдік-бекеттік қызмет бойынша 3 308 міндет орындалды, республика бойынша 985 бұқаралық іс-шарада қауіпсіздік қамтамасыз етілді.

308 суық және атыс қаруы тәркіленді, есірткі заттарын тәркілеудің 153 фактісі тіркелді.

Қылмыстық-атқару жүйесінің 39 мекемесін және 1 өндіріс объектісін қорғау қамтамасыз етілді.

10 теміржол және 25 автожол маршруттары бойынша айдауылдау жүзеге асырылды.

 Тыйым салынған заттарды ҚАЖ мекемелері аумағына тасымалдаудың 132 фактісі анықталды, сондай-ақ заңсыз өткізудің әртүрлі әрекеттері тоқтатылды.

Бақылау-өткізу пункттері арқылы тыйым салынған заттарды алып өтудің 45 әрекеті және 25 фактісіне тосқауыл қойылды.

Тыйым салынған заттарды жеткізуге қатысқан 100-ге жуық азамат ұсталды.

1 441 ұялы телефон, 689 SIM-карта, 724 пышақтау-кесу заты және бір суық қару тәркіленді.

Заңсыз айналымнан шамамен 2,7 кг есірткі заттары, жалпы көлемі 70 литрге жуық алкоголь бар сұйықтықтар тәркіленді.

423 797 теңге және 300 АҚШ долларын құрайтын ақшалай қаражат тәркіленді.

75 мыңға жуық сотталған және қамауда отырған адам тасымалданды, 2 мыңнан астам сот процесінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

Ерекше бақылаудағы адамдарды әуе кемелерінмен тасымалдау үш рет ұйымдастырылды.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігінде 2025 жылғы жұмыс қорытындыланып, алдағы кезеңнің басымдықтары айқындалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: