Алматы маңында жол апаты болып, көліктің күл-талқаны шықты: бес адам зардап шегіп, тағы бірі қаза тапты

Жол апаты, Алматы облысы, Алматы-Көкпек – Көктал, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2026 19:47 Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 16 қаңтарда Алматы-Көкпек – Көктал тас жолының 38-шақырымында жол-көлік оқиғасы (ЖКО) болды. Куәгерлер жариялаған видеода жол үстінде шашылып жатқан көлік бөлшектерін көруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 32 жастағы Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, Hyundai көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бес адам зардап шекті.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын нақтылады.

Жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

2026 жылдың 15 қаңтарда таңертең Алматы облысында қоғамдық автобус жүргізушісіне белгісіз адам шабуыл жасап, әйнекті сындырғаны хабарланған. Өңірлік полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі бұзақылық фактісі бойынша іс қозғалғанын мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: