Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидалары өзгерді

Швейный цех, швейное производство, швея, швеи, текстильное производство, пошив, швейная фабрика , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2026 09:14 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы бұйрығымен субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және сол орындарға жұмысқа орналастырылған азаматтардың жалақысын субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта Қағидалардың 5, 6, 7, 8-тармақтарының, 9-тармақтың төртінші бөлігінің, сондай-ақ 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 және 21-тармақтарының қолданысы 2026 жылғы 1 сәуірге дейін тоқтатылатыны көрсетілген.

Тоқтата тұру кезеңінде 5-тармақ мынадай редакцияда қолданылады:

Субсидияланатын жұмыс орындарын бір жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде мансап орталықтары ұйымдастырады.

  • 9-тармақтың 4-бөлігі мынадай редакцияда қолданылады:

Қоғамдық жұмыстар меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс берушілерде ұйымдастырылады.

  • Қағидалардың 14-тармағы мынадай редакцияда қолданылады:

Жұмыс берушілерден субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдер қабылдау Электрондық еңбек биржасында жүзеге асырылады.

Алдағы қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдер жыл сайын 29 желтоқсан мен 16 қаңтар аралығында қабылданады.

Ағымдағы қаржы жылына өтінімдер 1 наурыз бен 30 қыркүйек аралығында қабылданады.

Мансап орталығы өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушілердің бірыңғай тізбесін қалыптастырып, қарау және бекіту үшін еңбек мобильділігі орталығына жібереді.

Еңбек мобильділігі орталығы екі жұмыс күні ішінде өтінім берген ұйымдардың тізбесін және ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын, субсидияланатын жұмыс орындарының түрін, жұмыс ұзақтығын, мамандығын және айлық жалақы мөлшерін көрсете отырып бекітеді.

Сондай-ақ мансап орталығы бекітілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде еңбек мобильділігі орталығының шешімін әрбір өтінім бойынша "Еңбек нарығы" АЖЖ-ға енгізеді.

Еңбек мобильділігі орталығы кезекті қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушінің қатысуынан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, бас тарту себептері көрсетілген хабарлама "Еңбек нарығы" АЖЖ-дан автоматты түрде Электрондық еңбек биржасындағы жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.

Жұмыс берушіні тізімге енгізуден бас тартуға мынадай негіздер жатады:

  • жұмыс берушіні субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жіберу үшін қажетті құжаттардың немесе мәліметтердің, оның ішінде мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын деректердің шынайы еместігін анықтау;
  • еңбек мобильділігі орталығымен бұрын жасалған субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы шарттар бойынша жұмыс берушінің міндеттемелерін орындамауы (бар болған жағдайда);
  • жұмыс берушінің арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар тізілімінде болуы;
  • жұмыс берушінің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білімге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын алуы (жастар практикасын немесе "Күміс жас" жобасын ұйымдастыруға өтінім берген жұмыс берушілерді қоспағанда);
  • жұмыс берушінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде медициналық көмек көрсетуі (жастар практикасын немесе "Күміс жас" жобасын ұйымдастыруға өтінім берген жұмыс берушілерді қоспағанда);
  • ағымдағы немесе алдағы қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қаржыландырудың болмауы;
  • жұмыс берушінің банкроттық не тарату рәсімінен өтуі.

Айтылғандай, жұмыс беруші еңбек мобильділігі орталығының шешіміне шағымдануға құқылы.

Шағымды еңбек мобильділігі орталығы қарайды.

Егер республиканың заңдарында өзгеше көзделмесе, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 91-бабы 5-тармағына сәйкес сотқа жүгіну сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін ғана мүмкін болады.

Қағидалардың 18-тармағы мынадай редакцияда қолданылады:

Жұмыс берушіде ұйымдастырылатын субсидияланатын жұмыс орындарының санын еңбек мобильділігі орталығы айқындайды.

Жұмыс орындарының санын айқындау кезінде жұмыс берушінің ұйымдық-құқықтық нысаны, мансап орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар саны, сондай-ақ өткен күнтізбелік жылы жұмыс берушіде субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын аяқтаған жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру деңгейі (бар болған жағдайда) ескеріледі.

21-тармақ мынадай редакцияда қолданылады:

Тізбе бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Электрондық еңбек биржасында субсидияланатын жұмыс орнына вакансия автоматты түрде құрылады. Құрылған вакансия 90 күнтізбелік күн ішінде толтырылмаған жағдайда жойылады.

Бұйрық 2026 жылғы 28 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: