Кәмелетке толған балаларға еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауды міндеттеу ұсынылды

Қария, ата-ана, еңбексіз жарамсыз, кәмелетке толған балалар, қамқорлық жасау, Динара Зәкиева, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2026 17:57 Сурет: Zakon.kz
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева 2026 жылы 29 қаңтарда өткен Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия отырысында отбасыға қатысты нормаларға түсініктеме бере кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Балалар омбудсмені Конституция жобасының 27-бабында неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болатыны бекітілген, ал балаларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі міндеті ретінде белгіленгенін баса атап өтті.

"Бала тәрбиесі бөлігіне келсек, ҚР Конституциясы жобасында ұрпақтардың өзара жауапкершілігі туралы ерекше ерекше маңызға ие, ол арада кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалардың еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасау міндеті бекітілген. Бұл норма тек құқықтық қана емес, сонымен бірге отбасылық ынтымақтастық, құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыратын терең моральдық және құндылық сипатындағы мәнге ие. Балалық шақтан бастап қалыптасатын қасиеттер туралы сөз болып отыр бұл арада", - деді Динара Зәкиева.

Сондай-ақ ол "некені мемлекеттік тіркеуден өткізу талабын Конституциялық деңгейде бекіту маңызды мәселе болып табылатынын" атап өтті.

"Бұл балалардың құқықтарын тиімдірек қорғауға мүмкіндік береді. Мен бұл норманы қолдаймын", – деп өз сөзін қорытындылады Динара Зәкиева.

Бұған дейін өлім жазасына тыйым салуды Конституция деңгейінде бекіту ұсынылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: