Білім берудің зайырлы сипатын Конституция деңгейінде бекіту ұсынылды
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Мұндай ұғым жаңа Конституция жобасының 33-бабында қамтылған. Оның мәтіні былайша болып келеді:
33-бап
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік оқу орындарында ақы төлемей бастауыш және орта білім алуына кепiлдiк берiледi. Бастауыш және орта білім мiндеттi.
2. Қазақстан Республикасы азаматының заңға сәйкес мемлекеттік жоғары оқу орындарында конкурс негiзінде жоғары білім алуға құқығы бар.
3. Жекеменшік оқу орындарында ақылы білім алу заңда белгiленген негiзде және көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Мемлекет білім берудiң жалпыға мiндеттi стандарттарын белгiлейдi. Барлық оқу орнының қызметi осы стандарттарға сәйкес келуге тиіс.
5. Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы білім беру ұйымдарында білім мен тәрбие беру жүйесі зайырлы сипатқа ие.
Сондай-ақ жаңа Конституция жобасында адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды.