Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанынан ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды

Астана, город Астана, достопримечательности Астаны, столица Казахстана, пейзаж Астаны, Акорда, резиденция Президента Республики Казахстан, здание Акорды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2026 14:38 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы өкімімен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ҚР Президенті Әкімшілігі жанынан Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта: "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанынан Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылсын",- делінген.

Жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілді:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі – Ведомствоаралық жұмыс тобының басшысы;
  • Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы – Ведомствоаралық жұмыс тобы басшысының орынбасары;
  • Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаментінің басшысы – Ведомствоаралық жұмыс тобының хатшысы.

Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері:

  • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісі;
  • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісі;
  • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімі меңгерушісі;
  • Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары;
  • Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары;
  • Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары;
  • Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі.

Сонымен қатар жұмыс тобы туралы ереже бекітілді.

Ведомствоаралық жұмыс тобының негізгі міндеттері:

  • қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (КЖ/ТҚҚ/ФРОМУ) саласында мемлекеттік саясатты айқындау және іске асыру үшін жағдайлар жасау;
  • КЖ/ТҚҚ/ФРОМУ жүйесін жетілдіруге жәрдемдесу;
  • КЖ/ТҚҚ/ФРОМУ саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу;
  • Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ/ФРОМУ саласындағы халықаралық-құқықтық міндеттемелерін ұлттық мүдделерін ескере отырып қабылдауына және іске асыруына жәрдемдесу;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де міндеттер.

Ведомствоаралық жұмыс тобына мынадай өкілеттіктер берілді:

  • белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан қажетті материалдар мен ақпаратты сұрату және алу;
  • Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелерін отырыстарда тыңдау, сондай-ақ осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген тұлғаларды жұмыс тобының отырыстарына шақыру;
  • жекелеген жұмыс түрлерін орындау үшін белгіленген тәртіппен сарапшылар мен ғалымдарды тарту;
  • жүктелген міндеттер, функциялар мен өкілеттіктер шегінде шешімдер қабылдау.

Ведомствоаралық жұмыс тобының жұмыс органы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі болып табылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: