Қарағандыда киім-кешек сататын дүкендер желісінің иесі 7 жылға сотталды

Сотталды, Қарағанды, киім-кешек, дүкен, кәсіпкер әйел, есірткі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2026 20:18 Сурет: pixabay
Қарағандыда кәсіпкер есірткі заттарының заңсыз айналымымен айналысқаны үшін сотталды. Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 13 ақпанда Көліктегі полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы шілде айында Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Қарағанды қаласының 34 жастағы тұрғынын, яғни киім-кешек сататын дүкендер желісінің иесі болып табылатын жеке кәсіпкерді есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен анықтап, ұстады.

"Көлік полицейлері есірткі заттарын заңсыз өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының шешімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды", делінген хабарламада.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті заңсыз пайда табу мақсатында синтетикалық есірткі заттарын қала аумағында "жасырын орындарға қалдыру" тәсілімен таратумен айналысқан. Ұстау кезінде одан жалпы салмағы шамамен 5 грамм болатын синтетикалық зат салынған 13 орам тәркіленді.

Тінту барысында оның тұрғылықты мекенжайынан жеке тұтыну үшін сақтаған жалпы салмағы 6 грамнан асатын "гашиш" есірткі заты табылып, тәркіленді.

Бұған дейін Алматы мен Алматы облысының аумағында есірткі таратқан интернет-дүкеннің қызметі тоқтатылғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: