Авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету: өзгерістер енгізілді

Лекарственные препараты, лекарства, лекарство, аптека, аптеки, цены на лекарства, медикаменты, таблетки, цены на лекарство, стоимость лекарств, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2026 13:58 Фото: pexels
ҚР Көлік министрінің м. а. 2026 жылғы 4 ақпандағы бұйрығымен азаматтық авиациядағы жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, борттық дәрі қобдишалары Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен, қайталама (тұтынушы) қаптамасындағы пайдалану бойынша нұсқаулығы алынбастан жинақталуға тиіс.

Жұқпалы немесе паразиттік аурулардың белгілері бар жолаушы анықталған кездегі кабиналық экипаждың іс-әрекетінің тәртібі:

  • ішкі байланыс арналары арқылы (ұшқыштар кабинасына кірмей) бұл туралы әуе кемесінің командиріне хабарлау;
  • әуе кемесінің командирі аға бортсеріктен хабарлама алғаннан кейін:

- межелі әуежайдың әуе қозғалысын басқару қызметінің диспетчеріне межелі әуежайдың санитариялық-карантиндік бақылауының лауазымды тұлғаларына ақпарат беру үшін бортта жұқпалы немесе паразиттік ауру белгілері бар жолаушының (жолаушылардың) анықталғаны туралы хабарлайды;

- межелі әуежайдың талаптарын орындайды;

  • әуе кемесінің бортындағы жолаушылардың сервисін шектеу; жолаушыларға әуе кемесі бойынша тек бортсеріктердің келісімі бойынша ғана жүріп-тұру;
  • жұқпалы немесе паразиттік ауру белгілері бар жолаушының қасындағы экипаж мүшелері мен жолаушыларға медициналық маскалар кию (егер инфекцияның аэрогендік берілу жолына күдік болса);
  • алғашқы көмек жиынтығын және әмбебап профилактикалық жиынтығын пайдалана отырып, алғашқы санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
  • науқасқа күтім жасау үшін алғашқы көмек көрсететін және алғашқы санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізетін бортсерікті (бұрын жұқпалы немесе паразиттік ауру белгілері бар жолаушыға қызмет көрсеткен бортсеріктердің ішінен) тағайындау және басқа жолаушыларға қызмет көрсетуден босату;
  • жолаушылар мен экипаж мүшелерінің денсаулық жағдайын бақылауды ұйымдастыру, ұшу барысында жұқпалы немесе паразиттік ауру белгілері бар жолаушының денсаулық жағдайы туралы әуе кемесінің командирін хабардар ету;
  • тағайындалған бортсерікпен қалған жолаушылардан инфекциялық немесе паразиттік ауру белгілері бар жолаушыны ажырату жөнінде шаралар қабылдау (бос, оқшауланған жерге отырғызу; орындықты қалың материалмен немесе басқа қолжетімді құралдармен қоршау; крафт-пакеттермен қамтамасыз ету);
  • дәретхананы науқас әр барғаннан кейін, сондай-ақ дезинфекциялау құралын қолдана отырып, науқастың болған жерлерді дезинфекциялауды ұйымдастыру;
  • жолаушыларға эпидемиологиялық тергеп-тексеруді және профилактикалық іс-шараларды одан әрі жүргізу үшін қажетті мәліметтерді толтыру бойынша сауалнамалар беруді ұйымдастыру;
  • жолаушының орын нөмірлерін көрсете отырып орналасқан жерінің картасын (сызбасын) толтыруды ұйымдастыру;
  • науқасқа күтім жасау үшін тағайындалған бортсерік науқас туралы ақпаратты тағайындалған әуежайдың санитарлық-карантиндік бақылауының лауазымды тұлғаларына беру үшін мәліметтер жинайды;
  • межелі әуежайға келгеннен кейін науқас жолаушының қол жүгі әуе кемесінен жолаушымен бірге шығарылғанына көз жеткізу қажет.

Сондай-ақ, санитарлық-карантиндік аймақта орналасқан медициналық пунктте келесі дәрі-дәрмектер болуы керек делінген:

  • Ас қо­ры­ту жол­да­ры мен зат ал­ма­су ау­ру­ла­рын ем­де­у­ге ар­нал­ған пре­па­рат­тар
  • Қыш­қыл­дық­тың бұ­зы­луы­мен бай­ла­ны­сты ау­ру­лар­ды ем­де­у­ге ар­нал­ған пре­па­рат­тар
  • Функ­ци­о­нал­дық ас­қа­зан-ішек бұ­зы­лы­ста­рын ем­де­у­ге ар­нал­ған пре­па­рат­тар
  • Ба­уыр және өт шы­ға­ру жол­да­ры­ның ау­ру­ла­рын ем­де­у­ге ар­нал­ған пре­па­рат­тар
  • Іш қа­ту­ды ем­де­у­ге ар­нал­ған пре­па­рат­тар (Іш жүр­гі­зе­тін пре­па­рат­тар)
  • Ішек ад­сор­бент­те­рі
  • Қан мен қан тү­зі­лу ағ­за­ла­ры­на әсер ете­тін пре­па­рат­тар
  • Ге­па­рин­ді қо­с­па­ған­да тром­бо­цит­тер аг­ре­га­ци­я­сы­ның те­же­гіш­те­рі
  • Қан ал­ма­стыр­ғы­штар және пер­фу­зи­я­лық ері­т­ін­ді­лер
  • Жү­рек-та­мыр жүй­е­сі ау­ру­ла­рын ем­де­у­ге ар­нал­ған пре­па­рат­тар
  • Кар­дио­ло­ги­я­лық пре­па­рат­тар
  • Бе­та-ад­ре­нобло­ка­тор­лар, ком­би­на­ци­яда­ғы бе­та-ад­ре­нобло­ка­тор­лар
  • Ан­гио­тен­зин-түр­лен­ді­ре­тін фер­мент те­же­гіш­те­рі
  • Дер­ма­то­ло­ги­яда қол­да­ны­ла­тын пре­па­рат­тар
  • Сырт­қы қол­да­ну­ға ар­нал­ған пре­па­рат­тар
  • Жүй­е­лі әсер ете­тін гор­мо­наль­ді пре­па­рат­тар (жы­ныс гор­мон­да­рын және ин­су­лин­дер­ді қо­с­па­ған­да)
  • Жүй­е­лі қол­да­ну­ға ар­нал­ған кор­ти­ко­сте­ро­ид­тар
  • Сүй­ек-бұл­шы­қет жүй­е­сі­нің ау­ру­ла­рын ем­де­у­ге ар­нал­ған пре­па­рат­тар
  • Қа­бы­ну­ға қар­сы және рев­ма­тизм­ге қар­сы пре­па­рат­тар, сте­ро­ид емес
  • Сүй­ек-бұл­шы­қет жүй­е­сі­нің ау­ру­ла­ры ке­зін­де жер­гі­лік­ті қол­да­ну­ға ар­нал­ған пре­па­рат­тар
  • Жүй­ке жүй­е­сі­нің ау­ру­ла­рын ем­де­у­ге ар­нал­ған пре­па­рат­тар
  • Бас­қа да аналь­ге­тиктер және ан­ти­пи­ре­тиктер
  • Ты­ныс алу жүй­е­сі­нің ау­ру­ла­рын ем­де­у­ге ар­нал­ған пре­па­рат­тар
  • Де­кон­ге­стант­тар және жер­гі­лік­ті қол­да­ну­ға ар­нал­ған бас­қа да пре­па­рат­тар (кор­ти­ко­сте­ро­ид­тар­ды қо­с­па­ған­да)
  • Бе­та2-се­лек­тив­ті ад­ре­но­сти­му­ля­тор­лар (бронх де­мі­к­пе­сі­нің ұста­ма­ла­рын ба­су үшін)
  • Жүй­е­лі әсер ете­тін ан­ти­ги­ста­мин­ді пре­па­рат­тар
  • Ты­ныс алу ор­та­лы­ғы­ның сти­му­ля­тор­ла­ры

Бұйрық 2026 жылғы 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: