ТМККК және МӘМС аясында дәрілік заттардың шекті бағаларын реттеу: өзгерістер енгізілді

Лекарственные препараты, лекарства, лекарство, аптека, аптеки, цены на лекарства, медикаменты, таблетки, цены на лекарство, стоимость лекарств, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2026 15:27 Фото: Zakon.kz
Денсаулық сақтау министрінің м.а 13 ақпандағы бұйрығымен Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға шекті бағаларды реттеу, қалыптастыру және үстемеақы белгілеу қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, бағаны реттеу мынадай кезеңдер мен іс-шараларды қамтиды:

Көтерме және бөлшек саудада өткізілетін дәрілік заттар үшін:

  • бағалық реттеуге жататын дәрілік заттар тізбесінің жобасын қалыптастыру (көтерме және бөлшек сауда үшін);
  • референттік баға белгілеу негізінде дәрілік заттың сауда атауына көтерме және бөлшек сауда үшін бағаны тіркеу немесе қайта тіркеу;
  • көтерме үстемеақыларды қалыптастыру;
  • қосылған құн салығын (ҚҚС) есепке алмағанда, көтерме саудаға арналған сауда атауы бойынша шекті бағаларды қалыптастыру;
  • бөлшек үстемеақыларды қалыптастыру;
  • ҚҚС-сыз бөлшек саудаға арналған шекті бағаларды қалыптастыру;
  • ҚҚС-сыз көтерме және бөлшек саудаға арналған шекті бағаларды бекіту.

ТМККК және МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттар үшін:

  • ТМККК және МӘМС аясында дәрілік заттың сауда атауына өндірушінің тіркелген бағасы туралы қорытынды беру;
  • ТМККК және МӘМС шеңберінде үстемеақыларды қалыптастыру;
  • ҚҚС-сыз ТМККК және (немесе) МӘМС аясында сауда атауы бойынша шекті бағаларды қалыптастыру;
  • ҚҚС-сыз шекті бағаларды бекіту;
  • ҚҚС-сыз халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА) бойынша шекті бағаларды қалыптастыру (ТМККК немесе МӘМС аясында);
  • ХПА бойынша ҚҚС-сыз шекті бағаларды бекіту.

Сонымен қатар, Қазақстан аумағында Бірыңғай дистрибьютормен жасалған ұзақмерзімді жеткізу шарттары шеңберінде өндірілетін медициналық мақсаттағы бұйымдар (ММБ) мен тірі ағзадан тыс диагностикаға арналған медициналық бұйымдардың сауда атауы мен техникалық сипаттамасына бағаны реттеу мынадай кезеңдерді қамтиды:

Медициналық мақсаттағы бұйымдар (ММБ) бойынша:

  • ТМККК және МӘМС аясында ММБ-ға бағаны тіркеу немесе қайта тіркеу;
  • ММБ бойынша үстемеақыны қалыптастыру;
  • ТМККК және (немесе) МӘМС шеңберінде тіркелген баға туралы қорытынды беру;
  • ҚҚС-сыз сауда атауы мен техникалық сипаттамасы бойынша шекті бағаларды қалыптастыру;
  • тіркелген бағаларды кері қайтарып алу – құқық қорғау органдарының актілері және заңды күшіне енген сот актілері негізінде немесе өтініш берушінің еркін нысандағы өтініші бойынша жүзеге асырылады.

Бұйрық 2026 жылғы 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: