Қазақстан соттарында қандай жеке деректер пайдаланылмақ

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2026 15:24 Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының "Сот органдары жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті жеке деректер тізбесін бекіту туралы" бұйрық жобасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта сот органдары қолданатын жеке деректердің тізімі айқындалған.

Оған жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтер, жеке бас деректері, еңбек қызметі, мүліктік жағдайы, сот процестеріне қатысуы, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке қатысты ақпарат, сондай-ақ соттардың өз өкілеттігі аясында өңдейтін өзге де жеке деректер кіреді.

Түсіндірілгендей, құжат сот органдары өңдейтін жеке деректер тізбесін құқықтық тұрғыда реттеу және жүйелеу, сондай-ақ жеке деректерді қорғау туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

Бұйрық жобасы 16 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: