Алматыда адамдарға шабуылдаған шетелдік жасөспірімдерге қатысты сот үкімі шықты
Сурет: видеодан алынды
Алматыда 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта тас лақтырып, адамдарды қуалаған шетелдік жасөспірімдермен болған оқиғаға қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылдың 4 сәуірінде қалалық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі хабарлады:
"Алматы қаласында қоғамдық орындарда құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін бұрын анықталған шетел азаматтары сот шешімімен Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Соттың қаулысымен оларға ел аумағына қайта кіруге тыйым салына отырып, мәжбүрлі түрде шығару туралы шешім қабылданды".
Айта кетсек, бұған дейін полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында кәмелетке толмағандар тобының азаматтарға қатысты агрессивті әрі әдепсіз мінез-құлық танытқан бейнежазбаларын анықтаған болатын. Аталған жасөспірімдер жедел түрде анықталып, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Олардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript