Жамбыл облысында омарталар тиеген жүк көлігі отқа оранды

Омарта, ара, Жамбыл облысы, Меркі ауданы, жүк көлігі, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2026 20:06 Сурет: pixabay
Жамбыл облысында полицейлер көліктен шыққан өртті дер кезінде сөндірді. Меркі ауданында тәртіп сақшылары Газель көлігінен өрт шыққанын байқаған. Анықталғандай, автокөлікте бал арасының омарталары болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт омарталарға арналған түтін шығаратын құрылғыны пайдалану салдарынан тұтанған.

Полиция қызметкерлері бірден жедел әрекет етіп, өрт сөндіру қызметі жеткенге дейін жалынды өз күштерімен тоқтатты. Олар арнайы құралдың көмегімен су шашып, оттың одан әрі таралуына жол бермей, ықтимал ірі қауіптің алдын алды.Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Автокөлік иесі полиция қызметкерлерінің кәсіби әрі шұғыл әрекетіне ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.

Полиция азаматтарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды, әсіресе жанғыш заттар мен арнайы құрылғыларды пайдалану кезінде барынша сақ болуды ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: