Түркияда жол апатынан қаза тапқан Қазақстан емес, өзге елдің азаматы болып шықты - БАҚ
Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылы 11 мамырда еліміздегі бірқатар БАҚ беттерінде Түркия астанасы Анталияда Қазақстан азаматы жол апатынан көз жұмғаны туралы ақпарат жарияланған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тіпті, марқұм 27 жастағы Құбат Аманбековты Анталияның Серік ауданында велосипедпен жұмыстан қайтып келе жатқанында көлік қағып кеткені туралы да қосымша ақпарат берілген. Сөйтсек марқұм Қазақстан емес, өзге елдің азаматы болып шықты. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып ҚазАқпарат хабарлады:
"Түрік тарапының ақпараты бойынша, қаза тапқан Қырғыз елінің азаматы болып табылады".
Түркия полициясы жол апатының мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары қолға алынғанын хабарлады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript