Қазақстанда балаларға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламаларын бекітудің бірыңғай тәртібі енгізіледі

Детский лагерь, летний лагерь, лагерь для детей, лагерь для подростков, лагерь для школьников, школьные каникулы, летние каникулы, подростки, школьники, дети, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2026 13:08 Фото: Zakon.kz
Оқу-ағарту министрлігі кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту тәртібін айқындайтын, сондай-ақ олардың құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейтін жоба әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба аясында балаларға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекітудің бірыңғай әрі міндетті тәртібі енгізіледі.

Сонымен қатар бағдарламалардың құрылымы мен мазмұнына нақты талаптар белгіленбек: бірыңғай құрылым, міндетті бөлімдер, білім беру және сауықтыру модульдеріне қойылатын талаптар.

Ведомствоның мәліметінше, бұл құжат мұндай бағдарламалардың сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Әзірлеушілердің болжамынша, 2026 жылдың жаз маусымында бағдарламалардың мазмұны мен құрылымына бірыңғай тәсіл енгізіліп, бекіту рәсімдерінің ашықтығы артады. Сондай-ақ балаларға көрсетілетін қызмет сапасы жақсарып, мұндай бағдарламаларды іске асыратын ұйымдардың жауапкершілігі күшейеді.

Жоба "Ашық НҚА" порталында 26 мамырға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: