Ұлттық режимнен алуға жататын тауарлардың тізбесі бекітілді
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 28 мамырдағы бұйрығымен машина жасау саласы тауарларының және ұлттық режимнен алуға жататын химия, металлургия, құрылыс және жиһаз өнеркәсібі тауарларының тізбесі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тізімге енді:
- машина жасау саласының тауарлары – 2176 ;
- химия өнеркәсібі тауарлары – 248;
- металлургия өнеркәсібі – 217;
- құрылыс өнеркәсібі – 495;
- жиһаз өнеркәсібі – 208.
Ұлттық режимнен алуға жататын тауарлардың арасында:
- ауыл шаруашылығы техникасы және оның қосалқы бөлшектері;
- жүк көліктері, автокрандар, өрт сөндіру көліктері, автоцистерналар және т. б;
- шиналардың әртүрлі түрлері;
- есептегіштер;
- кабельдер, сымдар, трансформаторлар;
- лифттер;
- дезинфекциялық және жуғыш заттар;
- лактар, бояулар, гельдер, антисептиктер;
- мотор майы;
- әйнектің әртүрлі түрлері;
- кірпіш, қаптау плиткалары;
- минералды қоспасыз портландцементтер;
- цементтер;
- минералды жүннен жасалған жылу оқшаулағыш плиталар;
- сумен жабдықтауға арналған полиэтилен құбырлары;
- есіктер, терезе блоктары;
- креслолар, дивандар, орындықтар, үстелдер және т. б.
Бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript