Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдердің тізімін жаңартты

Лекарственные препараты, лекарства, лекарство, аптека, аптеки, цены на лекарства, медикаменты, таблетки, цены на лекарство, стоимость лекарств, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2026 10:58 Фото: pexels
Денсаулық сақтау министрі 2026 жылғы 25 мамырдағы бұйрықпен белгілі бір аурулары бар ҚР азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, тізім жаңа редакцияда жазылды.

Тізбеде қамтылған:

  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар;
  • те­гін ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ке­піл­ді кө­ле­мі шең­бе­рін­де­гі ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар мен ар­найы ем­дік өнім­дер;
  • ере­сек­тер­ге ар­нал­ған мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру жүй­е­сін­де­гі дә­рі­лік заттар;
  • ере­сек­тер­ге ар­нал­ған мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру жүй­е­сін­де­гі ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар;
  • 18 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар үшін ам­бу­ла­то­ри­я­лық дең­гей­де мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру жүй­е­сін­де­гі дә­рі­лік заттар;
  • 18 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар үшін мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру жүй­е­сін­де­гі ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар.

Осылайша, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттардың тізіміне мыналар кіреді:

  • Қан ай­на­лым жүй­е­сі­нің ау­ру­ла­ры
  • Ты­ныс алу ау­ру­ла­ры
  • Те­рі және те­рі асты клет­чат­ка­сы­ның ау­ру­ла­ры
  • Ас қо­ры­ту ағ­за­ла­ры­ның ау­ру­ла­ры
  • Қан, қан ұю ағ­за­ла­ры­ның ау­ру­ла­ры және им­мун­дық ме­ха­низмді тар­та­тын же­ке бұ­зы­лу­лар
  • Эн­до­крин­дік жүйе ау­ру­ла­ры, та­мақ­та­ну­дың бұ­зы­луы және зат ал­ма­су­дың бұ­зы­луы
  • Сүй­ек-бұл­шы­қет жүй­е­сі мен дәне­кер тін ау­ру­ла­ры
  • Нерв жүй­е­сі­нің ау­ру­ла­ры
  • Пси­хи­ка­лық бұ­зы­лу­лар мен мі­нез-құлық­тың бұ­зы­луы
  • Кей­бір ин­фек­ци­я­лық және па­ра­зит­тік ау­ру­лар
  • Жа­ңа өспе­лер
  • Пал­ли­а­тив­тік кө­мек
  • Ағ­за­лар мен тін­дер­ді ауы­сты­рып са­лу­дан кей­ін­гі жағ­дай­лар

Бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: