Павлодар облысында заңды білмейтін ауыл әкімі жауапкершілікке тартылды

Әкім, Павлодар облысы, Көктүбек, айыппұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2026 15:37 Сурет: pixabay
Павлодар облысы Көктүбек ауылдық округінің әкіміне қатысты тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімдік ғимаратында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған жуынатын бөлме жоқтығы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ирбис ТВ-ның" хабарлауынша, Павлодар облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің қызметкерлері 2026 жылдың наурыз айында прокуратураның ұсынысы бойынша тексеру жүргізген.

Көктүбек ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дәретхана жоқ екені анықталды. Әкім Әкімбек Темірғалиновке қатысты 216 мың теңге көлемінде айыппұл салу туралы хаттама толтырылды. Ауыл әкімі сотта мұндай шешіммен келіспейтінін, сондықтан сотқа қарсы талап арызбен жүгінді. Ол мүгедектерге арналған жуынатын бөлменің жоқтығын жоққа шығармайтынын жеткізді.

"Бұған дейін ол жоғарыға санитариялық торапты орнатуға қаражат бөлу мәселесі бойынша жүгінгенін, алайда мүгедектігі бар адамдар үшін аталған жабдықтар бойынша жекелей өтініш түсірмегенін атап өтті. Сонымен қатар, ол мұны растайтын құжаттары жоқ екенін айтты. Сондай-ақ, ол мұндай санитарлық тораптың қажеттілігі туралы білмегенін, бұл туралы әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін ғана білгенін жеткізді", делінген Ақсу қаласының ауданаралық сотының қаулысында.

Сотта Павлодар облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің өкілінің де пікірі тыңдалды. Ол наурыз айында 20-дан астам нысан бойынша тексеру жүргізілгенін және барлық жерде бұзушылықтар анықталғанын, шенеуніктерге айыппұлдар салынғанын жеткізді. Сот қос тараптың айтқандарын тыңдағаннан кейін заңды білмеу жауапкершіліктен босата алмайды деген қорытындыға келді. Сондықтан әкімшілік хаттаманы күшінде қалдыру туралы шешім қабылданды. Сондықтан Май ауданының Көктүбек ауылдық округінің әкіміне бәрібір айыппұл төлеуге тура келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: