Астанада жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерді жаппай тексеру басталды
Сурет: Zakon.kz
Астана қаласы полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Жаяу жүргінші" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елорда ПД баспасөз қызметі 2026 жылы 8 маусымда хабарлағандай, жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын апаттар әлі де өзекті мәселелердің бірі.
"Жыл басынан бері елорда аумағында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 400-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді.Алаңдатарлығы, аталған жол апаттарының едәуір бөлігі жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауынан орын алған. Атап айтқанда, жаяу жүргіншілердің кінәсінен 82 жол-көлік оқиғасы тіркелді".Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Көп жағдайда жол апаттары:
- белгіленбеген жерден жолды кесіп өту,
- бағдаршамның тыйым салатын белгісіне қарамастан жолға шығу,
- жолдағы жағдайды дұрыс бағаламау және қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын элементтерді пайдаланбау салдарынан орын алады.
"Жаяу жүргінші" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері адам көп шоғырланатын орындарда, білім беру ұйымдарының маңында күшейтілген бақылау жұмыстарын жүргізуде.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript