Шетелдіктерге тұруға ықтиярхат пен тұрақты тұруға рұқсат беру қағидалары жаңартылды

Полиция, полицейский, полицейские, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2026 16:40 Фото: polisia.kz
2026 жылғы 29 маусымдағы Ішкі істер министрінің бұйрығымен "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұруға ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамдарға куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері жаңа редакцияда жазылды.

Мемлекеттік қызметті алу үшін ҚР-да тұрақты тұруға рұқсат алған жеке тұлғалар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ аумақтық полиция органдарына жүгінеді.

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ше­тел­дік­ке тұ­ру­ға ық­ти­яр­хат­ты ал­ғаш рет 16 жас­қа толған адам­дар­ға ре­сім­деу.

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ше­тел­дік­тің тұ­руы­на ық­ти­яр­ха­тын ай­ыр­ба­стау:

  • қол­да­ны­лу мер­зі­мі­нің аяқ­та­луы­на бай­ла­ны­сты;
  • жо­ғал­ту;
  • одан әрі пай­да­ла­ну­ға жа­рам­сыз.
  • Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ра­тын ше­тел­дік­тің аза­мат­тығ­ын өзгер­ту.

Аза­мат­тың анық­та­ма­лық де­ректе­рі (те­гі, аты, әке­сі­нің аты; ту­ған кү­ні,ор­ны) өзгер­ген жағ­дай­да ше­тел­дік­тің тұ­руы­на ық­ти­яр­ха­тын ре­сім­деу; шы­ға­ры­л­ған құ­жат­тар­да жа­з­ба­ның дәл бол­мауы.

Ше­тел­дік­ке тұ­ру­ға ық­ти­яр­хат бе­ру

Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру:

  • өті­нім­ді тір­кеу та­ло­ны негі­зін­де Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы;
  • көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда: фор­му­ляр тол­ты­ры­л­ған­нан кей­ін фор­му­ляр блан­кі­сі­нен бө­лі­не­тін же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­ты алу­ға ар­нал­ған тү­бір­тек негі­зін­де фор­му­ляр­ды тол­ты­ру ке­зін­де.

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ше­тел­дік­ке тұ­руы­на ық­ти­яр­хат­ты ал­ғаш рет 16 жас­қа толған адам­дар­ға ре­сім­деу ке­зін­де:

  • жа­рам­ды ше­тел­дік пас­порт;
  • Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­руы­на ық­ти­яр­хат бе­ру ту­ра­лы ха­бар­ла­ма.

Тұ­ру­ға ық­ти­яр­хат­ты ре­сім­деу ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші дак­ти­ло­ско­пи­я­лау рә­сі­мін жүр­гі­зе­ді.

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ше­тел­дік­тің тұ­руы­на ық­ти­яр­ха­тын ай­ыр­ба­стау ке­зін­де:

қол­да­ны­лу мер­зі­мі­нің аяқ­та­луы­на бай­ла­ны­сты:

  • Ше­тел­дік­тің тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­ты не оның цифр­лық ны­са­ны – же­ке ба­сты сәй­кестен­ді­ру үшін;
  • жа­рам­ды ше­тел­дік пас­порт.

жо­ғал­ту:

  • жа­рам­ды ше­тел­дік пас­порт;
  • же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­дың қай­да, қа­шан және қан­дай жағ­дай­лар­да жо­ғал­ға­ны көр­се­ті­л­ген жа­з­ба­ша өті­ніш);
  • тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­ты ұр­лан­ған жағ­дай­да қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық ре­т­ін­де тұ­ру­ға ық­ти­яр­хат­ты ұр­лау ту­ра­лы өті­ніш­ті қа­был­да­ған қыл­мыстық қу­да­лау ор­га­ны­нан – та­лон-ха­бар­ла­ма;
  • әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы іс бой­ын­ша қа­у­лы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­ру­ға ық­ти­яр­хат­сыз неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гін­сіз не тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­ты, аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гі жа­рам­сыз болған жағ­дай­да, күн­тіз­бе­лік он күн­нен астам мер­зім­ге тұ­рақ­ты тұр­ға­ны үшін, сон­дай-ақ іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­на тұ­ру­ға ық­ти­яр­хат­тың не аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гі­нің жо­ғал­ға­ны ту­ра­лы уақ­ты­лы ха­бар­ла­ма­ға­ны үшін) Ко­дек­стің 492-ба­бы­на сәй­кес және әкім­ші­лік іс жүр­гі­зу­ді қоз­ғау үшін негіз­дер болған кез­де әкім­ші­лік ай­ып­пұл­ды тө­ле­ге­ні ту­ра­лы тү­бір­тек;

Аза­мат­тың анық­та­ма­лық де­ректе­рі (те­гі, аты, әке­сі­нің аты; ту­ған кү­ні, же­рі) өзгер­ген жағ­дай­да ше­тел­дік­тің тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­тын ре­сім­деу ке­зін­де; шы­ға­ры­л­ған құ­жат­тар­да жа­з­ба­ның дәл бол­мауы:

- анық­та­ма­лық де­ректер­дің өзге­ру­іне бай­ла­ны­сты (те­гі, аты, әке­сі­нің аты, ту­ған кү­ні, ор­ны):

  • Ше­тел­дік­тің тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­ты не оның цифр­лық ны­са­ны – же­ке ба­сты сәй­кестен­ді­ру үшін;
  • жа­рам­ды ше­тел­дік пас­порт;
  • неке қию (бұ­зу) ту­ра­лы ку­ә­лік не оның Цифр­лық ны­са­ны, заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі;
  • анық­та­ма­лық де­ректер­ді өзгер­ту ту­ра­лы қо­ры­тын­ды (уәкі­лет­ті қыз­мет­кер АХАЖ АЖ-дан ин­те­гра­ци­я­лық өза­ра іс-қи­мыл ар­қы­лы ала­тын анық­та­ма­лық де­ректер­дің, ту­ған же­рі­нің өзге­руі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ШАҚТ ТП-да бол­ма­ған жағ­дай­да);

шы­ға­ры­л­ған құ­жат­тар­да жа­з­ба дәл бол­ма­ған жағ­дай­да:

  • ше­тел­дік­тің тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­ты не оның цифр­лық ны­са­ны – же­ке ба­сты сәй­кестен­ді­ру үшін;
  • жа­рам­ды ше­тел­дік пас­порт;
  • ен­гі­зі­ле­тін мә­лі­мет­тер­дің дұ­ры­стығ­ын рас­тай­тын құ­жат­тар (туу ту­ра­лы, неке қию (бұ­зу) ту­ра­лы ку­ә­лік не олар­дың цифр­лық ны­са­ны).

Құ­жат үшін мем­ле­кет­тік баж тө­лен­ге­ні ту­ра­лы тү­бір­тек (мем­ле­кет­тік баж тө­ле­уден боса­ты­л­ған адам­дар рас­тай­тын құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды).

Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы неме­се оның заң­ды өкі­лі Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға өзі ке­ліп, өкіл­дік ету­ге өкі­лет­ті­гін рас­тай­тын құ­жат­тар­ды ұсы­на оты­рып не өкі­лет­тікте көз­дел­ген іс-әре­кет­тер­ді жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған се­нім­хат бой­ын­ша се­нім біл­ді­рі­л­ген адам­ға жү­гін­ген кез­де.

Егер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сін алу­ға кел­ме­се, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция дай­ын­дал­ған кү­ні­нен ба­стап бір жыл ішін­де аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гін сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ете­ді, со­дан кей­ін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жою үшін бе­рі­ле­ді.

Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: қа­ғаз тү­рін­де.

Бұйрық 2026 жылғы 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: