Оралда полиция қызметкерлері мал ұрлығы дерегін жедел ашты
Сурет: pexels
Алдын ала мәлімет бойынша, түнгі уақытта белгісіз адам қаладағы ықшам аудандардың біріндегі жеке тұрғын үйдің ауласынан екі жасар айғырды ұрлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті ұрланған жылқыға мініп, ізіне түскендерден бой тасалаған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 1,2 миллион теңгені құрады.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Ол – Орал қаласының 24 жастағы тұрғыны. Күдікті өз кінәсін мойындады.Ұрланған жылқы табылып, заңды иесіне қайтарылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", делінген полиция хабарламасында.
Полиция ауыл төрт түлік иелерін олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Атап айтқанда, малды қараусыз қалдырмау, сенімді қоршауда ұстау және мүмкіндігінше жануарларды сәйкестендіру құралдарын пайдалану қажет.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript