Қазақстанда медициналық ұйымдарды аккредиттеу стандарттары жаңартылады
Фото: akorda.kz
Жоба 8 бейіні бойынша 356 стандартын (стационарлық, жедел медициналық, амбулаториялық, оңалту, паллиативтік, стоматологиялық көмек, қан қызметі және медициналық зертханалар) және ортақ 67 стандартын (басшылық, ресурстарды басқару, қауіпсіздікті басқару) көздейді. Әр стандарт 5 бағалау өлшемшарттарын қамтиды.
Құжат қызмет бейіні мен көрсетілетін медициналық көмек түрлерін ескере отырып, медициналық ұйымдарды аккредиттеудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруды көздейді. Стандарттарды жаңарту аккредиттеу рәсімдерінің ашықтығын одан әрі арттыруға және медициналық қызметтердің сапасын бағалау тетіктерін жетілдіруге бағытталған.
Бірыңғай стандарттарын енгізу медициналық көмектің сапасына жүйелі мониторингті күшейтуге, сондай-ақ пациенттердің қауіпсіздігін және медициналық ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру үшін қосымша жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Жаңартылған стандарттар бойынша аккредиттеу 2026-2030 жылдар кезеңінде медициналық ұйымдарды аккредиттеудің қолданыстағы куәліктерінің мерзімі аяқталуына қарай бұйрық күшіне енгеннен кейін жоспарлы тәртіппен жүргізілетін болады.
Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасында медициналық көмектің сапасын басқаруды жетілдіру жөніндегі 2026 – 2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының «Медициналық ұйымдарды аккредиттеудің бірыңғай стандартын қалыптастыру» 8 iс-шараны іске асыру мақсатында әзірленді.
Жоба 3 тамызға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.