Туроператорлық қызметке лицензия беру қағидалары өзгерді

Туроператорлық қызметке лицензия беру қағидалары өзгерді, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2026 14:54 Сурет: pexels
Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 8 шілдедегі бұйрығымен "Туроператорлық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта мемлекеттік қызметті Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары заңды және жеке тұлғаларға көрсететіні айтылған.

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасының цифрлық жүйесі www.elicense.kz (МДБ ЕЛ) арқылы мынадай құжаттарды жолдауы қажет:

Лицензияны немесе лицензияға қосымшаны алу үшін:

  • заңды тұлғаның лицензияны немесе лицензияға қосымшаны алу туралы өтініші немесе жеке тұлғаның лицензияны немесе лицензияға қосымшаны алу туралы өтініші, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында;
  • төлем "Электрондық үкіметтің төлем шлюзі" (ЭҮТШ) арқылы жүргізілген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
  • туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына және олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны.

Лицензияны немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

  • көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
  • төлем ЭҮТШ арқылы жүргізілген жағдайларды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
  • лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі, мемлекеттік цифрлық жүйелерде мәліметтері бар құжаттарды қоспағанда;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен рәсімделген, бөліну нысанындағы қайта ұйымдастыру нәтижесінде бөлініп шыққан заңды тұлғаға лицензияны қайта ресімдеуге келісім беру туралы заңды тұлғаның шешімінің электрондық көшірмесі;
  • туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына және құжаттар тізбесіне сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны.

Порталға жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

  • лицензияны немесе лицензияға қосымшаны беру – 6 жұмыс күнінен кешіктірілмейді;
  • лицензияны немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу – 3 жұмыс күні ішінде;
  • лицензиат заңды тұлғаны басқа заңды тұлғадан бөліп шығару немесе бөлу жолымен қайта ұйымдастырған кезде лицензияны немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу – 6 жұмыс күнінен кешіктірілмейді;
  • келу және ішкі туризм саласында порталға жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
  • лицензияны немесе лицензияға қосымшаны беру – 6 жұмыс күнінен кешіктірілмейді;
  • лицензияны немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу – 3 жұмыс күні ішінде;
  • лицензиат заңды тұлғаны басқа заңды тұлғадан бөліп шығару немесе бөлу жолымен қайта ұйымдастырған кезде лицензияны немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу – 6 жұмыс күнінен кешіктірілмейді.

Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке туроператорлық қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алым төленеді:

  • туроператорлық қызметпен айналысу құқығына лицензия бергені үшін лицензиялық алым 10 АЕК-ті (2026 жылы 43 250 теңге) құрайды;
  • лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия берген кездегі мөлшерлеменің 10%-ын құрайды.

Төлем қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ портал арқылы жүргізіледі. Төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (ПШЦП) арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін.

Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына, "электрондық үкіметтің" операторына, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетушілерге жолдайды.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдайды, МДБ ЕЛ жүйесінде тіркейді және орындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне береді.

Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде МДБ ЕЛ жүйесінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Жеке басын куәландыратын құжаттар, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

Егер көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынса, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері ұсынылған құжаттар тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат түрінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды және оны МДБ ЕЛ жүйесіндегі жеке кабинетке жолдайды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданғаны, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруі үшін тыңдау өткізілетін уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші МДБ ЕЛ жүйесінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

Берілген рұқсаттарды тіркеу және есепке алу рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінде автоматты режимде жүргізіледі.

Бұйрық 2026 жылғы 27 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: