Жетісу облысында газ құбырын сапасыз салған компаниядан 45,9 млн теңге өндіріп алынды

Газ, Жетісу облысы, мердігер компания, газ құбыры, құрылыс, сот үкімі, сапасыз жұмыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2026 18:58 Сурет: Zakon.kz
Сот Жетісу облысында газ құбырын сапасыз салған компаниядан республикалық бюджеттің кірісіне 45,9 млн теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Жоғарғы соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жетісу облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Алматы облысы Ескелді ауданының Қаратал ауылында газ құбыры мен газ тарату желілерін салу бойынша ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан. Жобаның жалпы құны 768 млн теңгеден асты. Тапсырыс берушінің бастамасымен жүргізілген құрылыс-техникалық зерттеу барысында іс жүзінде орындалған жұмыстардың көлемі жобалық-сметалық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.

"Атап айтқанда, газ құбыры тіректерінің іргетасын орнату кезінде мердігер жоба бойынша көзделген көлемнен едәуір аз бетон пайдаланған. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мамандардың қорытындыларын зерттеп, сондай-ақ нысанды қосымша тексерумен көшпелі сот отырысын өткізді. Сот мердігердің жобалық-сметалық құжаттамада көзделген көлемде жұмыстардың орындалғанын дәлелдей алмағанын, ал талапкер ұсынған дәлелдемелер міндеттемелердің бір бөлігінің орындалмағанын растайтынын анықтады".ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі

Бірінші сатыдағы сот талап қоюды ішінара қанағаттандырды. ЖШС-ден республикалық бюджет кірісіне 45,9 млн теңге және 1,4 млн теңге көлемінде мемлекеттік баж өндірілді.

Компанияны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талаптықанағаттандырудан бас тартылды. Себебі, мұндай талап қоюға негіз болған мән-жайлар шарт орындалғаннан кейін туындаған.

ЖШС сот шешіміне шағым келтірлі, алайда Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдырды.

Сот актілері заңды күшіне енді.

Бұған дейін Қашағанда жаңа газ өңдеу зауыттары салынатыны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: