ШҚО-да түрме маңынан күдікті ер адам ұсталды
Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №18 мекемесінің қызметкерлері арнайы жедел-профилактикалық іс-шара барысында мекемеге іргелес аумақтан күдікті азаматты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, азаматтың жанынан скотчпен оралған бірнеше түйіншегі бар пакет тәркіленді.
Тексеру барысында түйіншектердің ішінен әртүрлі маркалы ұялы телефондар анықталып, олар заң талаптарына сәйкес тәркіленді. Аталған дерек бойынша тиісті процессуалдық шаралар жүргізілуде.
"Ұялы телефондар түзеу мекемелерінде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттардың қатарына жатады. Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мекемелердің іргелес аумақтарында тұрақты түрде жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіліп тұрады. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері мұндай заңсыз әрекеттердің жолын кесу бағытында полиция органдарымен бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізуде", деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ресми өкілі Салтанат Ожиканова.
Бұған дейін Грекияда 125 жылға сотталған Қазақстан азаматына қатысты СІМ пікір білдірген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript