Жетісу облысында көл жағалауында жоғалып кеткен алты жасар қыз аман-есен табылды

Жоғалған бала, Жетісу облысы, Алакөл, Ақши, жағалау, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2026 17:38 Сурет: polisia.kz
Жетісу облысында Алакөл көлдің Ақши ауылындағы жағалауды патрульдеу кезінде Алакөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне әйел адам жүгініп, алты жасар қызының жоғалып кеткенін айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Хабарлама түскен бойда полицейлер дереу іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Іздеуге туристік маусым кезінде Алакөл ауданына іссапармен жіберілген арнайы мақсаттағы жедел әрекет ету жасағы және полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары жағалау аумағын, демалыс орындарын және оған жақын жерлерді мұқият тексерді. Ал су айдынында қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері қайықпен іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшыларының жедел әрі үйлесімді әрекетінің нәтижесінде бүлдіршін көп ұзамай аман-есен табылып, ата-анасына тапсырылды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Полиция демалушыларға су айдындарының маңында балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді. Баланың қауіпсіздігіне қатысты қандай да бір қауіп туындаған жағдайда дереу 102 арнасына немесе жақын маңдағы полиция қызметкерлеріне хабарласу қажет.

Бұған дейін Қаскелеңде итке таланып, сан еті мен құлағынан айрылған балаға қаржының жоқтығынан тиісті ота жасалмағаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: