Ұлттық ұлан сақшылары жоғалған 6 жасар қызды іздеп тапты

Павлодар қаласында сағат 22:10 шамасында Назарбаев көшесі бойын патрульдеу барысында 5512 әскери бөлімінің сақшыларына әйел адам жүгініп, алты жастағы қызының жоғалып кеткенін хабарлайды., сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2026 10:33 Сурет: ҚР ІІМ
Павлодар қаласында сағат 22:10 шамасында Назарбаев көшесі бойын патрульдеу барысында 5512 әскери бөлімінің сақшыларына әйел адам жүгініп, алты жастағы қызының жоғалып кеткенін хабарлайды.

Ақпаратты алған әскери қызметшілер дереу іздестіру шараларына кірісіп, баланың жүруі мүмкін деген бағыттарды тексеріп, жақын маңдағы көшелер мен қоғамдық орындарды қарап шықты.

Жедел әрі үйлесімді әрекеттердің нәтижесінде бала Байзақов атындағы филармония маңынан табылып, анасына аман-есен тапсырылды. Қыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: