Байланыс операторлары үшін алаяқтармен күресуге арналған ішкі бақылау жүйесі енгізілуде
Фото: pexels
Жүйе байланыс қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге және байланыс желілеріндегі алаяқтықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды қамтиды.
ТБжІБЖ-ны қалыптастыру кезінде байланыс операторы мыналарды:
- тәуекелдерді басқаруға және ішкі бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелер мен (немесе) лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін, жауапкершілігін, өзара іс-қимыл және үйлестіру тәртібін айқындауды;
- ішкі құжаттарға сәйкес тәуекелдер тізілімін жүргізуді қоса алғанда, ТБжІБЖ процестерін құжаттандыруды;
- ТБжІБЖ тиімділігіне мониторинг жүргізуді және оны жетілдіру бойынша шаралар қабылдауды;
- ТБжІБЖ-ны жылына кемінде бір рет қайта қарауды және жаңартуды;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, ұйымдық құрылым өзгерген, жаңа технологиялар енгізілген, сондай-ақ елеулі тәуекелдер іске асырылған жағдайларда ТБжІБЖ-ны жоспардан тыс қайта қарауды қамтамасыз етеді.
Тәуекелдерді басқаруға және ішкі бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелер мен (немесе) лауазымды тұлғалар байланыс операторының басшысына не байланыс операторының ішкі құжатымен айқындалатын лауазымды тұлғаға есеп береді.
ТБжІБЖ-ны тиімді және сапалы қалыптастыру мен басқару мақсатында байланыс операторы "үш қорғаныс шебін" құрады:
- "бірінші қорғаныс шебін" жүзеге асырылатын қызмет шеңберінде тәуекелдерді анықтауға, бағалауға, мониторингтеуге және азайтуға жауапты байланыс операторының барлық құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады;
- "екінші қорғаныс шебін" тәуекелдерді басқаруға, ішкі бақылауға, киберқауіпсіздікке, комплаенске және өзге де бақылау функцияларына жауапты байланыс операторының құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.
- "үшінші қорғаныс шебін" байланыс операторының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен ішкі аудит бөлімшесі не ТБжІБЖ тиімділігін тәуелсіз бағалау функцияларын орындайтын өзге де тұлғалар жүзеге асырады.
Қағидалар шеңберіндегі тәуекелдердің негізгі санаттарына мыналар жатады:
- байланыс қызметтерін көрсетудің үздіксіздігін бұзу тәуекелі – байланыс қызметтерін көрсетудің мәнді бұзылуына немесе тоқтатылуына әкелуі мүмкін және қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды қолдануды талап ететін төтенше, авариялық, технологиялық және өзге де оқиғалардың туындау тәуекелі;
- байланыс қызметтерінің сапа тәуекелі – байланыс қызметтері сапасының нысаналы параметрлеріне қол жеткізуге, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға және абоненттер алдындағы міндеттемелерді орындауға теріс әсер етуі мүмкін оқиғалардың туындау тәуекелі;
- байланыс желілеріндегі алаяқтық әрекеттер тәуекелі – байланыс желілерінде алаяқтық әрекеттер жасаумен байланысты, оның ішінде санкцияланбаған трафик (фрод), абоненттік нөмірлерді ауыстыру, байланыс қызметтеріне заңсыз қол жеткізу және қаржылық шығындарға, байланыс қызметтері сапасының бұзылуына және абоненттерге зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін өзге де құқыққа қайшы әрекеттердің туындау тәуекелі;
- құқықтық (комплаенс) тәуекел – Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, келісімшарттық міндеттемелерді және байланыс операторының ішкі құжаттарын сақтамау немесе тиісінше қолданбау салдарынан, сондай-ақ заңнаманың өзгеруі, нормалардың бірмәнді түсіндірілмеуі және әртүрлі құқық қолдану практикасы салдарынан шығындардың туындау тәуекелі.
Байланыс операторлары жүзеге асырылатын қызметтің сипатын, ауқымын және күрделілігін ескере отырып, тәуекелдердің өзге де санаттарын айқындайды.
Сондай-ақ, байланыс операторы тәуекелдерді сәйкестендіруді, бағалауды және оларға мониторинг жүргізуді, сондай-ақ тәуекелдер тізілімін жүргізуді қамтамасыз етеді.
Әрбір тәуекел үшін оның мониторингіне және тәуекелді азайту бойынша іс-шаралардың іске асырылуына жауап беретін құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері (тәуекел иесі) айқындалады.
Тәуекелдер тізілімі тәуекелдің сипаттамасын, тәуекел факторларын, ықтимал салдарын, тәуекел иесін, тәуекелді бағалауды және оны азайту жөніндегі іс-шараларды қамтиды және жылына бір рет қайта қаралады.
Бұйрық 2026 жылғы 17 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.