Қазақстанда әуе бағыттарын субсидиялау қағидалары өзгертілді
Фото: Zakon.kz/Ксения Калашникова
Қағидалар мынадай мазмұндағы жаңа тармақпен толықтырылды:
Әуе бағыттарын субсидиялау мемлекеттік қолдау шарасы болып табылады және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қалыптастыратын жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізіліміне енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Тізілімді жүргізуді техникалық сүйемелдеуді мемлекет жалғыз акционері болып табылатын және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға (тіркеуші) жүзеге асырады.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын және оларды алушылардың пайдалануына мониторинг жүргізуді техникалық сүйемелдеуді тіркеуші жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі шеңберінде жүзеге асырады. Ол:
- бірінші деңгей – екінші деңгейдегі жүйелермен интеграцияланған тіркеуші жүйесі. Бұл жүйеде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылар өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімі қамтылады. Онда түпкілікті форматтық-логикалық бақылау арқылы жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының базалық талаптарға сәйкестігі айқындалады. Бұл талаптарды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын және оларды алушылардың пайдалануына мониторинг жүргізу қағидалары шеңберінде белгілейді;
- екінші деңгей – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан өтінімдерді қабылдау, оларды форматтық-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейге беру жүзеге асырылатын салалық мемлекеттік немесе мемлекеттік емес цифрлық жүйелер.
Екінші деңгейдегі цифрлық жүйелер жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ тіркеушінің дербес деректерді жинауына, өңдеуіне, сақтауына, жүктеп алуына және пайдалануына келісім алуды қамтамасыз етеді.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі арқылы жүргізілген мониторинг нәтижелері кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шарасын оны тізілімге енгізбестен ұсынуға жол берілмейді.
Қаулы 5 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді.