Ауылдық жерлерде мемлекеттік қызмет көрсетуге кеткен Қазпошта шығындары қалай өтеледі
Фото: Zakon.kz
Құжатта ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, пошта байланысы бөлімшелеріндегі ұлттық пошта операторы қамтамасыз ететіні айтылған.
Ауылдық елді мекендерде тұратын халық үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша ұлттық пошта операторының шығындары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 30-бабына сәйкес өтеледі.
Әкімші жыл сайын ауылдық елді мекендерде тұратын халық үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың құрамы мен мазмұнының жобасын әзірлейді және оларды күнтізбелік жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей, ұлттық пошта операторының атына жолдайды.
Ұлттық пошта операторы ауылдық елді мекендерде тұратын халық үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың құрамы мен мазмұнының жобасы негізінде жоспарланатын кезеңнің алдындағы күнтізбелік жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей, шығындардың болжамды есебін қалыптастырады және растайтын материалдарды қоса бере отырып, әкімшінің атына жолдайды.
Ауылдық елді мекендерде ұлттық пошта операторы көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша шығындарды өтеу үшін бюджет шығыстарын жоспарлау үшін әкімші қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттік өтінімді ұсынады.
Ауылдық елді мекендерде тұратын халықтың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты ұлттық пошта операторының мынадай шығындары:
- материалдық шығыстар;
- еңбекке ақы төлеу шығындары мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін қызметкерлерге;
- сақтандырудың міндетті түрлеріне, салықтарға, алымдарға және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге арналған шығыстар;
- негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдар;
- негізгі құралдар құнының ұлғаюына әкеп соқпайтын жөндеу жұмыстарына арналған шығыстар;
- ғимараттарды күтіп ұстау бойынша шығыстар және коммуналдық шығыстар;
- цифрлық жүйелерді сүйемелдеуге, бөгде ұйымдармен жасалған шарттар бойынша сервистік қызмет көрсетуге арналған шығыстар әкімші өтеген кезде ескеріледі.
Шығындарды өтеу әкімші көздеген қаражат шегінде, тоқсан сайынғы негізде жүзеге асырылады.
Бұйрық 18 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.