Оралда полицей үш жасар баланы құтқарып, жазатайым оқиғаның алдын алды

Терезе, бала, Орал, полицей, құтқару, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2026 19:24 Сурет: unsplash
Орал қаласында полиция қызметкері бесінші қабаттағы ашық терезе алдында отырған кішкентай баланы дер кезінде байқап, қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Жәңгір хан көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде орын алған. Үй тұрғындары учаскелік полиция инспекторына хабарласып, бесінші қабаттағы пәтердің ашық тұрған терезесі алдында шамамен 3-4 жас шамасындағы баланың отырғанын жеткізген.

Хабарлама бойынша оқиға орнына Шаған полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Убиш Гайсин жедел жетті. Полицей ашық терезе алдында отырған баланы байқап, оны дереу қауіпсіз жерге алып шықты.

Тексеру барысында баланың анасы шаруаларымен үйден шығып кеткені, ал кішкентай баланың 14 жастағы ағасымен бірге қалғаны анықталды. Ағасы ұйықтап жатқан кезде, бала бесінші қабаттағы ашық терезенің алдына барып, сыртқа қарап отырған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: