Полиция формасындағы алматылық блогер әдепсіз би билеп, желіде көптеп қаралым жинаған

Полиция формасы, Түркістан облысы, алматылық блогер, әлеуметтік желі, би, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2026 18:05 Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында TikTok әлеуметтік желісіне жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері нысанды киімді киіп, әдепсіз би билеген қыздың бейнежазбасын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 14 тамызда ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады:

"Тексеру барысында бейнежазбаның авторы Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны Арайлым Жиенбаева екені анықталды. Оның әрекетіне құқықтық баға берілді. Сот шешімімен блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды".

Бұл ретте полицияның нысанды киімі әлеуметтік желіде назар аудартудың құралы емес екені, әр адам құқыққа қайшы әрекеті үшін заң аясында қатаң жауапқа тартылатыны ескертіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: