Абай облысында полицейлер қансыраған баланы құтқарды
Сурет: polisia.kz
Абай облысының полицейлерінен Семей – Өскемен тас жолында Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі көмек сұраған. Көлік жүргізушісі полиция қызметкерлеріне салонда бес жасар баланың аяғы қатты жарақаттанып, қатты қансырап жатқанын айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Анасының айтуынша, Жаңасемей ауданына қарасты Гранитный ауылында тұратын баласы аулада ойнап жүріп, сыртқы есікке шықпақ болған. Сол сәтте кіреберіс есіктің шынысы сынып, баланың аяғын кесіп кеткен.
"Баланың жағдайының ауыр екенін түсінген полиция қызметкерлері Еламан Масалимов пен Медет Смагулов уақыт жоғалтпай, анасы мен баланы патрульдік автокөлікке отырғызып, облыстық ауруханаға қарай бет алған. Полицейлер жарақат алған баланы 12 минут ішінде облыстық аурухананың балаларды қабылдау бөліміне жеткізді. Дәрігерлер баланы бірден қабылдап, шұғыл түрде операцияға алып кетті". Абай облыстық ПД баспасөз қызметі
Анасы баласының аяғынан аққан қан тоқтамай, қатты қорқып кеткенін, не істерімді білмей, жолда полицейлерді көріп, көмек сұрағанын айтады.
"Олар бірден бізге көмектесіп, баламды көлікке отырғызды. Бар болғаны 12 минуттың ішінде ауруханаға жеткізді. Мен үшін сол сәтте бұл – үлкен көмек болды. Полицейлерге шын жүректен алғыс айтамын", – деді баланың анасы.
Бұған дейін Алматыда тәртіп сақшылары көшеде қансырап жатқан ер адамды құтқарғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript