Түбіртек бермеген сатушыны хабарлағандарға 1000 теңге беріледі
Фото: pexels
Өзгерістерге сәйкес, ұлттық валюта атауы "теңге" жаңа Конституцияға сәйкес жазылатын болды.
Ал сыйақы мөлшері өзгерген жоқ.
Құқық бұзушылық туралы хабарлаған адамның ақпараты расталса, оған 1000 теңге сыйақы беріледі.
Азаматтар құқық бұзушылық туралы Мемлекеттік кірістер органдарына мобильді қосымша арқылы хабарлай алады. Ол үшін мына мәліметтерді көрсету қажет:
- құқық бұзушылық туралы ақпаратты түбіртек бермеу, банк картасымен төлем қабылдаудан бас тарту) және заң бұзушылықты растайтын бейнежазбаны қоса тіркеу;
- кәсіпкерді немесе жеке нотариусты анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтерді көрсету. Оның ішінде қызмет көрсетілетін мекенжай, нысанның атауы, салық салуға байланысты объектінің атауы (бар болса), сауда үйіндегі бутик пен қабат нөмірі (бар болса), нарықтағы сауда орнының нөмірі (бар болса), кеңсе мен қабат нөмірі;
- мобильді аударым арқылы ақша аударылғанын растайтын банк түбіртектерін тіркеу.
Еске салайық, бұған дейін өтініш берушіні анықтау үшін оның аты-жөні мен ЖСН-ін көрсету талап етілетін.
Ал құқық бұзушылықты бейнетаспаға түсіру Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 145-бабында белгіленген талаптарға сәйкес және адамның келісімімен жүргізіледі.
Мемлекеттік кірістер органдары өтінішті Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде (ӘРПК) белгіленген тәртіппен қарайды.
Сондай-ақ өтініш беруші сыйақыны алуға келісетінін немесе одан бас тартатынын көрсетуі тиіс.
Егер аумақтық мемлекеттік кірістер органы құқық бұзушылық фактісін анықтаса, заң бұзған адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 194, 195 және 284-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылады.
Қаулы 25 тамыздан бастап күшіне енеді.