Астанада құрылыс басында кран құлап, бір адам қаза тапты

Стройка, строительство, строительный объект, строительные работы, строители, рабочие, строитель, рабочий, новостройка, новостройки, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2026 17:40 Фото: Zakon.kz
Астанада құрылыс басында қайғылы жазатайым оқиға орын алды, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео жарияланды. Қайғылы жағдай 2026 жылғы 27 тамызда Қазыбек би көшесіндегі "Alaman" тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болғаны хабарланады. КБ-403 мұнаралы краны құлап, салдарынан бір адам қаза тапты.

Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"36 жастағы ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: