Петропавлда емханада дәрігер науқастан таяқ жеді

Дәрігер, Петропавл, емхана, науқас, ұрып-соғу, қылмыстық іс, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2026 18:43 Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Петропавлдағы емханалардың бірінде дәрігерге қаралуға барған ер адамның жүйкесі сыр беріп, оның медицина қызметкерімен арадағы кикілжіңі төбелеске ұласқан. Оқиға орнына полиция шақыртылып, тіпті қылмыстық іс те қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Емханаға келген 51 жастағы қала тұрғыны дәрігермен қатты-қатты сөйлескен. Әңгіме барысында дау туындаған. Полицияға түскен арызға сәйкес, медицина қызметкерінің ескертуіне ер адам агрессивті жауап беріп, оның бетіне соққы жасаған.

Полиция қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкеріне өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Бұл — өңірде медицина қызметкеріне күш қолдануға қатысты тіркелген екінші жағдай. Маусым айында Шал ақын ауданында жол-көлік оқиғасынан кейін көмек көрсетіп жатқан медицина қызметкеріне мас күйдегі ер адам күш қолданған. Сот оны 1,5 жылға бас бостандығынан айырды. Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 380-3-бап енгізілді. Онда медицина қызметкеріне немесе жедел медициналық жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты қорқыту немесе күш қолданғаны үшін жауапкершілік көзделген. Енді медициналық көмек көрсетіп жүрген адамдарға қатысты агрессивті әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін", - дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әлібек Құжахметов.

Айта кетсек, Ақтөбеде дәрігерлер төрт жастағы қызға дер кезінде дұрыс диагноз қойып, тиісті ем тағайындамаған. Соның салдарынан бала бір құлағының есту қабілетінен айырылды. Сот қалалық және облыстық балалар ауруханаларын жауапты деп таныды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: