Көкшетауда ер адам студент қызды жарақаттады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2026 20:32 Фото: zakon.kz
Көкшетауда көлікті тұраққа қою кезінде туындаған жанжал соңы қылмыстық істің қозғалуына түрткі болды. Өзінің жолын жауып қалған көліктің жүргізушісін көп күткен ер адам ашуға мініп, студент қызға жарақат келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомство дерегі бойынша, оқиға 2026 жылы 17 қыркүйекте Ақан Сері көшесіндегі үйлердің бірінің маңында болған.

Жас қыз Lada Vesta автокөлігін қақпаның жанына қойып, оқу орнына кіріп кеткен.

"Шамамен 1,5 сағаттан кейін кері оралған ол, тексеру барысында анықталғандай, көлік иесін 40 минуттай күткен ер адамды жолықтырған. Олардың арасында көлікке байланысты жанжал туындаған. Ер адам көліктің есігін теуіп жіберген, соның салдарынан қыздың басына жарақат келтірілген", деп хабарлады Ақмола облыстық ПД.

Сонымен қатар полиция қақпа маңында бұл учаске көліктің шығуына пайдаланылатындығын көрсететін ешқандай жол белгілері немесе таңбалар болмағанын нақтылайды.

Бұл оқиға әлеуметтік желіде тарап, кейін құқық қорғау органдары бұзақының кім екенін жедел анықтады. Ол 43 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Ер адамға қатысты қазірдің өзінде "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, тергеу қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: