18-ші қабаттан құлаған ер адам қандай да бір ғажайыппен аман қалды

18-ші қабаттан құлаған ер адам қандай да бір ғажайыппен аман қалды., сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2025 10:46 Сурет:
Ресейдің Владимир қаласында 27 жастағы ер адам 18-ші қабаттан секіргенен кейін тірі қалды. Ол аулаға тұраққа қойылған көліктің үстіне түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

NEWS.ru дерегінше, оқиға туралы қаланың іздестіру-құтқару жасағының баспасөз қызметі мәлімдеді. Соққыдан машинаның әйнегі сынған ал жәбірленушінің өзі салонға түскен.

"Мұндай "биіктіктен" аман қалу – бұл таңғажайып", – деді құтқарушылар.

Олар ер адамды тез арада көліктен шығарып, дәрігерлерге тапсырды. Ол қазір ауруханада жатыр.

Оқиға алдында ер адам таныстарына қонаққа барған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жәбірленуші есірткіге мас күйде болуы мүмкін.

Бұған дейін Алматыда түн ортасында тағы бір жол апаты болғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: