Қазақстанда "Семей" жаңа арнайы экономикалық аймағы құрылды

Қазақстанда "Семей" жаңа арнайы экономикалық аймағы құрылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 16:40 Сурет: Абай облысы әкімдігі
Үкімет 2026 жылғы 7 қарашада "Семей" арнайы экономикалық аймағын (АЭА) құру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, "Семей" арнайы экономикалық аймағы 2050 жылғы 31 желтоқсанға дейін жұмыс істейді.

Жаңа АЭА Абай облысының Жаңасемей ауданы аумағында орналасқан. Жалпы ауданы – 600 гектар.

Арнайы экономикалық аймақ мынадай мақсаттарда құрылады:

  • Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін заманауи инфрақұрылымдық және институционалдық орта қалыптастыру арқылы Қазақстанның шығыс өңіріндегі индустриялық және инвестициялық дамудың жаңа орталығын құру;
  • Заманауи, жоғары өнімді әрі бәсекеге қабілетті өндірістерді жедел дамыту, қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеру, инвестиция тарту, экономика салалары мен өңірге жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуды арттыру;
  • Химия өнеркәсібі, металл емес минералдық өнімдер, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісін, сондай-ақ қосылған құны жоғары өзге де өнімдерді қоса алғанда, өңдеу өнеркәсібін дамыту;
  • Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге жағдай жасау, жергілікті қамту үлесін арттыру және жаңа өндірістік тізбектер қалыптастыру;
  • Өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту және Абай облысының транзиттік артықшылықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін көлік-логистикалық хаб құру;
  • Тұрақты әрі өнімді жұмыспен қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету, әлеуметтік көмек көрсету жүйесінің тиімділігін арттыру және адами капиталды дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын жақсарту.

АЭА аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді. Оның ішінде еркін кеден аймағының кедендік рәсімін қолдану мүмкіндігі қарастырылған.

АЭА қатысушыларына салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес реттеледі.

Сондай-ақ қаулыда заңда көзделген негіздер бойынша АЭА-ны тарату тәртібі белгіленген.

АЭА құрылу мерзімінің аяқталуына байланысты таратылған жағдайда, Абай облысының әкімдігі:

  • Белгіленген мерзім аяқталғанға дейін кемінде үш ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында АЭА-ны тарату, оған байланысты өтініштер мен талаптарды қабылдау тәртібі мен мерзімдері туралы хабарландыру жариялайды;
  • АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға сол аумақтағы тауарларды өзге кедендік рәсім бойынша қайта ресімдеу тәртібін түсіндіреді;
  • АЭА таратылғаннан кейін бір ай ішінде оның қызметінің нәтижелері туралы Президент пен Үкіметке есеп береді.

Бұдан бөлек, арнайы экономикалық аймақтың шекара жоспары бекітілді.

Қазақстанда , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 16:40

Сурет: құжаттан түсірілген

2050 жылға қарай АЭА үшін мынадай нысаналы көрсеткіштер белгіленген:

  • Жалпы инвестиция көлемі – 1 365 млрд теңге;
  • Шетелдік инвестиция көлемі – 565 млрд теңге;
  • Отандық инвестиция көлемі – 800 млрд теңге;
  • АЭА аумағында өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) көлемі – 600 млрд теңге;
  • Қатысушы компаниялар саны – 155;
  • АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны – 14 000;

АЭА аумағындағы жалпы өндіріс көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі – 80%.

Қаулы 2026 жылғы 7 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: