Мектепте орамал тағуға тыйым салынғандықтан әкесі қыздарының шашын тақырлап тастаған
Zakon.kz
Мектеп әкімшігілігі орамал тақпауын сұрағандықтан әкесі төрт қызының шашын алып тастапты.
Ата-анасы қыздарының басынан «жара» тауып, шашын тақырлап алып тастапты. Ал республикалық комиссия түк те таппаған, - деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі aktobetimes.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтөбелік С. Мараттың төрт қызы №60 мектепке орамал тағып барады. Мектеп әкімшігілігі орамал тақпауын сұраса, олардың ата-анасы басынан жара тапқан соң, шашын тақырлауға мәжбүр болғанын айтыпты. Сыныптастары келеке қылмасын деп орамал тағып жүр екен. Бұл мәселені республикалық комиссия өз қарауына алды. Мамандар қыздың басынан ешқандай жара таппаған. Бірақ комиссия мүшелері ата-анасы қыздарын теріс ағымның жетегіне кіргізуі мүмкін деп күдіктенеді.
Комиссия шешімі "1 қарашаға дейін қыздар басынан орамалын шешіп, шашын өсірсін" деген талап қояды. Ата-анасы талапты орындамаған соң, қыздардың әкесін мектеп жиналысына шақырады. Ол енді жаңа жылға дейін бұл талапты орындайтынын уәде етіп кетті.
«Нұр Ақтөбе» шағын ауданының №60 мектебінде 11 оқушы орамал тағады. Осы қыздардың ата-аналарын жиналысқа шақырып, мән-жай түсіндірілді. 3 оқушының ата-анасы орамалды шешеміз деп келіскен. Кейбіреуі мүлдем шешпейміз десе, қалғаны "ойланамыз" деп уәде берген.
Фото: aktobetimes.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript