Жаңалықтар тізбегі
0

Интернетте сауда жасайтын қазақстандықтар салықтан босатылады – ҰЭМ

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2017 23:36 Zakon.kz
Тек қана электронды саудамен айналысатындарды корпоративтік табыс салығынан және жеке табыс салығынан босату ескерілген.
Бүгін ҚР Парламенті Сенатында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бірінші вице-министрі Руслан Дәленов жаңа салық кодексін таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz.

Алдымен Руслан Дәленов сенаторларға жаңа салық кодексінің маңызын түсіндірді.

«Бизнес барлық түсініксіз жағдайларды салық салушылардың пайдасына шешпеу қажеттігін алға тартады. Кемшіліктер болады. Біз адал бизнесмендерді қорғаймыз деп нені айтқымыз келеді? Біріншіден, енді заңдағы анық емес тұстар салық төлеушінің пайдасына шешіледі. Аталған принцип салықтық дауларды әділетті шешуге мүмкіндік береді», - деді ол.

Сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігінің бірінші вице-министрі жаңа кодексте электронды сауданы дамытуға серпін беретін өзгерістер енгізілгенін атап өтті. Оның айтуынша, елімізде тек қана электронды саудамен айналысатындар екі салықтан босатылады. Ол – корпоративтік және жеке табыс салығы.

«Заңдағы тағы бір түзету – электронды саудаға байланысты. Қазіргі таңда жеке тұлғалар, өздерін жұмыспен қамтып отырған азаматтар арасындағы сауда Интернет, Whatsapp, Instagram желілері арқылы жүретін болды. Біз электронды сауданы дамытуға серпін беруге тырыстық. Яғни тек қана электронды саудамен айналысатындарды корпоративтік табыс салығынан және жеке табыс салығынан босату ескерілген. Заңда аталған түзету бар. Ол 5 жыл бойы жұмыс істейді. Бұл елімізде электронды сауданы жандандырып, оны заңдастырады», - деп түйіндеді сөзін Руслан Дәленов.

Фото: Baq.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: