Жаңалықтар тізбегі
0

Ірі сауда нысандары, кинотеатрлар мен спорт нысандары бір жылға салықтан босатылады

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2020 17:35 primeminister.kz
Бұл санаттағы заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін бір жылғы мерзіміне мүлік салығынан босату ұсынылады. Бір тоқсанға өсімпұл есептеуді тоқтату керек. 3 тоқсан үшін салықтық есептілік мерзімін ауыстыру қажет - ҚР ҰЭМ.

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кәсіпкерлікті және отандық өндірісті қолдау шаралары туралы баяндады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, Мемлекет басшысының бизнесті қолдау және еңбек нарығында тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты тапсырмасын орындау үшін 7 негізгі бағыттан тұратын жедел шаралар топтамасы әзірленуде. Бұл қолжетімді қаржыландыру, кепілдіктер беру, салықтық ынталандыру және бизнесті тексерулерді азайту, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтамасыз ету.

Бірінші бағыт бойынша "Бизнестің жол картасы-2025" және "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламаларын синхрондау шеңберінде кәсіпкерлер үшін теңгелік қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру көзделетін болады.

Біріншіден, несиелендіру 1 трлн теңгеге дейін 400 млрд теңгеге ұлғаятын болады. Қаражат, ең алдымен, импортқа тәуелділікті төмендету және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін отандық өнім өндірушілерге берілетін болады.

"Бизнестің жол картасы-2025" мемлекеттік бағдарламасы бойынша несиенің жоғарғы шегі 7 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. Ағымдағы шығыстарды жабу үшін бизнестің айналым қаражатын қаржыландыруды кеңейту ұсынылады.

Екіншіден, несиелер бойынша түпкілікті сыйақы мөлшерлемесі бір қалыпқа келтіріледі және 6%-ды құрайды.

Үшіншіден, "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасында салалық шектеулер алынатын болады және "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасында басым тауарлар тізбесі кеңейтілетін болады.

"Екінші бағыт аясында кепілдердің жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін, "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы шеңберінде орта бизнеске кредит сомасын 1 млрд теңгеге дейін арттыру ұсынылады, ол бойынша 50% мөлшерінде кепілдендіру берілетін болады. Микро және шағын бизнес үшін 85%-ға дейін кепілдік берумен несие сомасын 360 млн теңгеге дейін арттыру ұсынылады. Жалпы кепілдік беру тетігі оңайлатылатын болады", — деді Р. Дәленов.

Үшінші бағыт бойынша осы кезеңде орта бизнесті тексеру санын төмендету ұсынылады. Қазіргі уақытта микро және шағын бизнесті тексеруге мораторий қойылғанын атап өткен жөн.

Төртінші бағыт аясында шағын және орта бизнестің жекелеген санаттары үшін салықтық ынталандырулар көзделеді. Бұл ірі сауда объектілері, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер, спорт объектілері.

Бұл санаттағы заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін бір жылғы мерзіміне мүлік салығынан босату ұсынылады. Бір тоқсанға өсімпұл есептеуді тоқтату керек. 3 тоқсан үшін салықтық есептілік мерзімін ауыстыру қажет.

Бесінші бағыт агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін несиелендіруді ұлғайтудан басқа салықтық ынталандырулар көзделеді. Мұнда ірі қара төлдейтін малды, асыл тұқымды балапандарды қамтитын биологиялық активтердің импортына салынатын қосылған құн салығынан босату болжанған. Сондай-ақ шамамен 7 мың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілері ауыл шаруашылығына арналған жерлерге салынатын салықты төлеуден босатылатын болады.

Алтыншы бағыт аясында жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерді салықтан босату ұсынылады.

"Арнайы салық режимдері бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлердің кірістері осы жылдың басынан бастап салықтан босатылғанын атап өткен жөн. Жалпыға бірдей белгіленген режимді пайдаланатын кәсіпкерлерді қолдауға болады деп санаймыз", — деді министр.

Сонымен қатар Р. Дәленов жетінші бағыт аясында еңбек нарығында тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жаңа Жұмыспен қамту жол картасы әзірленіп жатқанын айтты. Жалпы қаржыландыру 300 млрд теңгені құрайды. Өткізілген скрининг нәтижелері бойынша іріктелген өңірлердегі жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен 120 мың жұмыс орны құрылатын болады. Мұндай жобаларды іске асыру жолдарды, көпірлерді жөндеу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін реконструкциялау сияқты халықтың ең өзекті проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.

"Кеше Мемлекет басшысы телевизия арқылы жасалған үндеуінде атап өткендей, кәсіпкерлікті қолдауға және жаңа жұмыс орындарын құруға кем дегенде 300 млрд теңге бөлінетін болады. Несиелерді субсидиялау және салықтық ынталандыруларды беру мәселелері қосымша пысықталды, сондай-ақ "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы шеңберінде 400 млрд теңгеге дейін қосымша теңгедегі өтімділік берілетін болады. Қызметтік белсенділікті сақтаудан басқа 160 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Жалпы, аталған жедел шаралар еңбек нарығына және экономикаға тұрақтандыру әсерін береді", — деп түйіндеді Р. Дәленов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: