Жаңалықтар тізбегі
0

Латын әліпбиіне ауысу - ұлттық сананың жаңғыруы

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2017 16:11 Zakon.kz
Баспасөз мәслихатында латын әліпбиінің түркі халықтарының басын біріктіретін маңызды фактор екендігі айтылды.
Латын әліпбиі - заман талабы. Бүгінгі таңда оның маңызы аса зор. Жаңа технология да, болашақ инновация да латын тілінде. Ендеше көштен кеш қалмауымыз үшін барлығымыз атсалысуымыз қажет. ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ғалым Ақжол Қалшабек осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы ағымдағы 2017 жылдың 27-қазанында қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлық негізінде 2025 жылға дейін латын графикасына көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Осыған байланысты өткен баспасөз мәслихатында жан-жақты пікірлер айтылып, талқыға салынды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2017 16:11

Жаңа әліпбиге көшу туралы өз ойын ортаға салған ғалым Ақжол Қалшабек латын әліпбиі қазақ халқын құлдық санадан арылтып, ұлттық рухты жаңғыртатын айтты.

«Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында халқымыздың ұлттық кодын айқындау, «Туған жер», «100 жаңа есім» сынды өзекті тақырыптар қамтылған болатын. Осылардың ішінде ең маңыздысы латын әліпбиіне көшу мәселесі еді. Латын әліпбиі жоғымызды түгендеп, жоғалтқанымызды табуға үлкен септігін тигізеді деп есептеймін. Осы ретте бүгінгі қазақ қоғамы латын әліпбиін тез меңгеруге дайын болуы керек», - деді Ақжол Қалшабек.

Сонымен қатар, брифингте сөз алған ҚР өзбектері «Достық» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов Қазақстандағы өзге этнос өкілдері де латын әліпбиіне көшу бастамасын қолдайтындығын жеткізді.

«Бүгінде әлем халқының 4 млрд. 300 миллионға жуығы латын әліпбиін қолданады. Өйткені, латын тілі ежелден ғылым мен білім тілі саналады. Демек, бұл бүгінгі заманның талабы. Болашақ ұрпақ латын әліпбиі арқылы терең білім алып, ғылымға ұмтылуы тиіс», - деді Икрам Акрамұлы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2017 16:11

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында латын әліпбиінің түркі халықтарының басын біріктіретін маңызды фактор екендігі айтылды.

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: