Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда полиция Қазақстан елтаңбасын қоқысқа лақтырған ұйымды іздеп жатыр

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2017 17:42 Zakon.kz
Орталық стадион маңында қоқыста ескі елтаңба табылды.
Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің арызынан соң полиция Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасын қоқысқа лақтырған ұйымды іздеуді бастады, - деп хабарлады Sputnik Қазақстан Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Павлодар қаласындағы рәміздер ішкі саясат бөлімінің қарауында, яғни оның қолданылуымен де осы бөлім айналысады. 1 шілдеден бастап елімізде мемлекеттік рәміздердің жаңа стандарты күшіне еніп, бүкіл мемлекеттік органдар ескі рәмізді жаңасына ауыстыруға міндеттелген. Біз бұл жұмысты толықтай атқардық, қалада 369 елтаңба ауыстырылды. Ескі елтаңбалар жойылған. Сәйкес актілер қолымызда, өйткені әр рәміз комиссия көзінше жойылады. Орталық стадион маңында табылған ескі елтаңбаға қатысты ішкі саясат бөлімі қалалық ішкі істер бөліміне арыз жазып, тиісті шара қолдануды өтінді", — деп хабарлады баспасөз хатшысы.

"Бұл ескі үлгідегі елтаңба жойылуға тиіс болатын. Бірақ оның кімдікі екенін білмейміз – стадиондыкі ме, әлде басқа ұйымға тиесілі ме – белгісіз, стадион маңында көшеден тауып алдық. Осы орайда тергеу жүргізілуі қажет", — деді ішкі саясат бөлімінің басшысы Ернар Дәуенов.

Фото: sputniknews.kz

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: