«ЭКСПО» туристік аймағын алғашқы екі күнде 18 мың адам тамашалады
Zakon.kz
Билеттер ресми түрде 14 қарашадан бастап сатылатын болады.
«Астана ЭКСПО-2017» туристік аймағына алғашқы екі күн ішінде 18 мың адам тамашалады. Соның ішінде 11 қарашада – 7 мыңнан аса, 12 қарашада – 11 мыңға жуық адам келді, - деп хабарлайды Zakon.kz «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Халықаралық мамандандырылған көрме аяқталғаннан кейін екі ай өткеннен соң «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы қазір Болашақ энергиясының мұражайы болып табылатын «Нұр Әлем» павильоны, әлемдегі 13 елдің жаңғырмалы энергия көздері саласындағы ең үздік 24 жобасы ұсынылған «Үздік тәжірибелер аймағы», тақырыптық павильондар мен Қазақстанның алғаш заманауи өнерінің орталығы орналасқан АРТ-орталығы қамтылған туристік аймақты келушілер үшін ресми түрде ашылды.
Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қатысты.
Алғашқы екі күн келушілер үшін тегін болды. Билеттер ресми түрде 14 қарашадан бастап сатылатын болады. «Нұр Әлем» павильонын, тақырыптық павильондарды, «Үздік тәжірибе аймағын» және АРТ-орталығын қамтитын билеттің бағасы 1500 теңгені құрайды. ҰОС қатысушыларына, барлық топтағы мүгедектерге, жетім балаларға, көп балалы аналарға және 6 жасқа дейінгі (қоса алғанда) балаларға кіру тегін. Оқушылар үшін 500 теңге, студенттер үшін 800 теңге, ал зейнеткерлер үшін 500 теңге.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 1 мыңға жуық автокөлікке арналған жер асты тұрағы қызмет етуде, оның алғашқы үш сағаты тегін, ал келесі сағаттары 100 теңгеден. Жер асты паркингке Т.Рысқұлов көшесінен (оңтүстік кіреберіс) кіруге болады.
Фото: kursiv.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript