Өскемендік оқушы қазақ ертегілерінің желісімен анимациялық фильм түсірді
Zakon.kz
Фильмді монтаждап, отбасына көрсеткенде қарындасы «Керемет!» деп айғайлап жіберіпті.
Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебінің тоғызыншы сынып оқушысы Роллан Мұхамедяров халық ертегілерінің желісімен үш анимациялық фильм түсіріп, «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» республикалық шығармашылық фестивалінде жүлделі екінші орын алды, - деп хабарлайды Altaynews.kz.
.
Ролланға мультфильмдерді түсіруге отбасы мүшелері де үлес қосыпты. Анасы Анел халық ертегілерін іріктесе, Мелиша атты қарындасы қажетті нәрселерді дер кезінде әкеліп, әкетіп, шамасы келгенше қолқабыс болды. Кейіпкерлерді ермексаздан Ролланның өзі жасапты. Фильмді түсіру барысында әкесі Русланның да кеңестері іске асқан.
– Фильмді түсіру қызықты болғанымен оңай шаруа емес. Мен балконда түсірем дегенше, ауа райы бұзылып кетті. Амалсыздан бөлмеде, екі орындықты сахна ретінде пайдаланып, түсіруге тура келді. Біреу жарықты түсіріп тұрса, тағы бір адам байқатпай денелерді жылжытып тұру керек еді. Бұл істі анам атқарды және ертегіні дыбыстаған да анам. Нәтижесінде мен үш анимациялық фильм түсірдім, барлығы бес минутқа созылады, –дейді Роллан.
Фильмді монтаждап, отбасына көрсеткенде қарындасы «Керемет!» деп айғайлап жіберіпті. Кейін бұл сөзді автор басқалардан да бірнеше рет естиді.
Фильмің тақырыбы «Рухани жаңғыру» фестиваліне сай келгендіктен, бұл жұмыстар қазылар алқасының назарына ілікті. Нәтижесінде, Роллан Мухамедьяров «Анимация» аталымы бойынша жүлделі екінші орынға лайық деп танылды.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» атты республикалық шығармашылық фестивалі жеті номинация бойынша Шымкент қаласында қарашаның басында өтті.
Фото/Видео: altaynews.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript