Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақ халық ертегілерінің бейне нұсқасы шықты

ертегілер оқиды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2022 18:18 Сурет: pixabay
Қазақ және еліміздегі 20-дан астам этностың халық ертегілерінің бейне нұсқасы шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республикалық «Қоғамдық келісім» орталығы бүгіннен бастап YouTube желісіндегі Qogam Life каналына жаңа ертегі салып отырады, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазақ және еліміздегі 20-дан астам этностың халық ертегілерінің бейне нұсқасы шықты. Республикалық «Қоғамдық келісім» орталығы бүгіннен бастап YouTube желісіндегі Qogam Life каналына жаңа ертегі салып отырады.

Балаларға арналған контент «Қазақстан халқы ертегілері» кітабы бойынша дайындалған. Бұл кітап жыл басында жарық көрген. Тиражы шектеулі болғандықтан, ертегілерді барынша қолжетімді, әрі тиімді ету үшін оның бейне нұсқасы да жасалған.

Бірінші кітап 4-7 жас, екіншісі 8-11 жас аралығындағы балаларға арналған. Екі томнан тұрады. Жас ерекшеліктері ескерілген. Сонымен қатар, әр ертегі көлемі де 3 минутқа дейін. Балалар тез қабылдау үшін жалықтырмайтын форматта шықты. Ғалымжан Құсманғали, «Қоғамдық келісім» РММ директоры
Ертегі оқып өскен баланың қиялы ұшқыр болады. Ертегі оқып өскен баланың жүрегінде мейірімділік ерте оянады. Академиялық тілмен емес, жатық тілмен аударып жатқан кезде екінші жұмыс жүріп жатты. Яғни бейне форматы жасалды. Камал Әлпейісова, жазушы

Сондай-ақ бүгін «Khancast» жобасының тұсаукесері өтті. Бұл подкаст - Қазақ хандығы тарихындағы ақтаңдақтарды анықтау үшін аналитикалық және салыстырмалы зерттеу элементтерінен құралған сұхбат. Жаңа аудио өнімді халықаралық платформададан тыңдауға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: