Қырғызстан 302 мың тауық жұмыртқасын Қазақстанға қайтарып жіберді

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2017 15:02 Zakon.kz
Жұмыртқаны Қостанай облысында орналасқан фирма жөнелткен.
Қырғызстан Қазақстаннан жеткізілген 302 400 тауық жұмыртқасын шекарадан өткізбей қойды, - деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мамандары өнімді "Ақ-Тілек" бақылау-өткізу пунктінде ұстаған.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмыртқаны Қостанай облысында орналасқан фирма жөнелткен.

"Тексеру кезінде жүктің жөнелтпе құжаттары Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринарлық талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды", — деп жазылған хабарламада.

Акт толтырылып, өнім Қазақстанға қайтарылды.

фото: sputniknews.kz


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: