Жаңалықтар тізбегі
0

ОҚО ардагерлері өңірдегі бірқатар зауыттардың жұмысымен танысты

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2017 20:22 Zakon.kz
Зауыт жұмыстарын өз көзімен көрген қариялар кәсіпорын басшыларына алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының 80-ге жуық ардагері мен зиялы қауым өкілдері өңірдегі бірқатар өндіріс ошақтарын аралап көрді. Ондағы мақсат – ардагерлерімізді облысымыздың экономикалық әлеуетімен таныстырып, алдағы атқарылар жұмыстармен хабардар ету болатын.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2017 20:22

Ардагерлер ең алдымен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «БалТекстиль» ЖШС-нің кілем фабрикасына атбасын бұрды. Іргетасы 2012 жылы қаланған фабрика бүгінде Орта Азиядағы кілем өндіретін ең ірі өндіріс ошағы саналады. Бүгінде мұнда 235 адам жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда фабрика өнімдері Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Ресей, Ұлыбритания, Германия және Францияға экспортталуда. Кәсіпорын басшылығының айтуынша, биылдың өзінде зауытқа шетелдік тапсырыс берушілер саны 20-дан асыпты. Фабриканың жіп иіру цехы мен кілем тоқу бөлімдерін аралап көрген ардагерлер кәсіпорын жұмысына оң бағасын берді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2017 20:22

«Қоғамның қазынасы, ақылшысы – ардагерлер. Осыны ескеріп, бүгінгі шараны ұйымдастырып отырған өңір басшысына алғысымыз шексіз. Облысымыздың экономикалық ахуалы күн санап жақсарып келе жатқынын байқап, біліп отырмыз. Сонда да зауыттарды өз көзімізбен көріп, атқарылып жатқан жұмыстардың куәсі болуымыз біз үшін үлкен қуаныш. Ендігі жерде біз ардагерлер жер-жерлерде өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды насихаттап, халықты ынтымақ, бірлікке үндеуіміз керек», - дейді Қазақстанның құрметті журналисі, зейнеткер Байдулла Қонысбек.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2017 20:22

Ардагерлер атбасын бұрған екінші нысан - «Оңтүстік» индустриялды аймағындағы «Еврокристалл» шыны зауыты болды. Мұнда жылына 300 млн дана шыны құты шығарылады. Өндіріс ошағы әлемнің озық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Қазір 150-ге жуық азамат жұмыс істейді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2017 20:22

Мұнан соң ардагерлер «Tectum Engineering» шифер өндіру зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорын жылына 2,3 миллион дана шифер өндіреді. Жоба құны 1.9 млрд теңгені құрайды. «Хатчек» әдісімен шифер шығаратын зауытта 200 адам жұмыспен қамтылған. Ал шығарған өнімдерінің 60 пайызы ішкі нарықты қамтыса, қалғаны Тәжікстан, Ауғанстан, Өзбекстан, Қырғызстанға экспортталады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2017 20:22

«Оңтүстік» индустриялды аймағындағы көрме орталығы да ақсақалдардың назарынан тыс қалған жоқ. Зауыт жұмыстарын өз көзімен көрген қариялар кәсіпорын басшыларына алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2017 20:22

Фото: Исаметов Сабыржан
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: