ШҚО-да 12 жасар оқушы қыз асылып қалды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2017 16:23 Zakon.kz
Мектеп оқушысы атасымен бірге тұрып келген, анасы ата-аналық құқығынан айырылған.
14 қарашада пәтерде асылып қалған 12 жасар мектеп оқушысының денесі табылды, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Шығыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаевтың айтуынша, оқушы қыздың асылып тұрған денесі ол тұратын пәтерден табылған. Факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, ҚР Қылмыстық кодексі, 105-бабының («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті сот сараптамалары белгіленіп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Зыряндағы №6 орта мектептің оқушысы атасымен бірге тұрып келген, анасы ата-аналық құқығынан айырылған. Полиция жасөспірім қыздың өлімінің себептерін анықтап жатыр.

Фото: www.inform.kz
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: